"Студент" Стамбулға жол тартты

"Студент" Стамбулға жол тартты

Қазақстандық режисер Дәрежан Өмірбаевтың "Студент" фильмі Стамбул Халықаралық кинофестиваліне қатысатын болады. Бұл туралы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Картина фестивальдің негізгі бағдарламасына енді. Айта кетелік, шара 30 наурыз бен 14 сәуір аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетелік, фильм бұған дейін Мехикодағы UNAM International Film Festival (FICUNAM) фестивалінің аясында, Мәскеуде өткен 34-ші халықаралық кинофестивальде көрсетілген болатын.

Картина, сонымен, қатар, Канн фестивалінде көпшіліктің көңілінен шығып, мамандар картинаға ерекше туынды деп баға берген еді.

Киносыншы Дэниал Касманның ұйғаруымен аталған фильм Top Picks рейтінгісінде алғашқы орынға тұрақтаған еді. 65-ші рет өткізілгелі отырған фестиваль туралы көлемді мақала жазған сыншы: "Кино әлемі материалист режисердің көзқарасымен шектеліп қалмайды. Әр адам өмірге деген өзіндік көзқарастары мен фантазиясын қосуға құқылы. Осы тұста Дәрежан Өмірбаевтың туындысы шынайылығымен, оригиналдығымен, тереңдігімен ерекшеленді", -деп ықыласын білдірген болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget