Dimension Films жаңа қорқынышты фильм түсіреді

Dimension Films жаңа қорқынышты фильм түсіреді

Dimension Films кинокомпаниясы Зак Олкевицтің "Сия және сүйек" атты фильмнің сценарийін сатып алды.

Картинада редактор болып қызмет атқаратын жазушы қыздың досының үйіне көшіп барғаннан кейінгі өмірі туралы баяндалады. Жаңа қорқынышты кітап жазып, оған досы кітаптың соңғы бөлімін аяқтап тастауға көмек көрсетпек болады. Бірақ қыз кейін көшіп келген үйі өзі кітабында баяндап жазған мақұлықтарға толы екендігін байқайды.

Жобаға Боб Ванштейн продюсерлік ететін болады. Ванштейннің айтуынша, фильмнің сценарийі өте сәтті болған. "Оқиға Микаэль Хофстремнің "1408" фильмінің сарынында, Олкевицтің еңбегі Стивен Кингті есіме түсірді", - деді ол.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: popcornnews.ru

Massaget