Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Оз: Ұлы әрі Қорқынышты" әлемге...

"Оз: Ұлы әрі Қорқынышты" әлемге...

«Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» («Оз: Великий и Ужасный») фильмі – Дисней студиясының фантастикалық-шытырман оқиғалы блогбастері. «Алиса в стране чудес», «Аватар» және «Человек-паук» трилогиясының авторларынан тағы да бір аса қызықты фильмнің бас кейіпкерін Джеймс Франко сомдайды.

Режисер Сэм Рэймидың фильміне кеткен 200 миллион доллар сіздің көңіліңізден шығады деп ойлаймыз. Мұнда Мила Кунис, Рейчел Уайз, Мишель Уильямс және Зак Браффтардың шеберлігі мен қоса Митчел Капнер мен Дэвид Линдси-Абаирдің кереметтей сценарийіне қанық боласыз.

Иллюзионнист Оскар Диггс (Франко) әлемдік даңқты армандайды. Бірақ ол әзірге көшпелі цирктың ортаңқол әртісі болып, қарапайым адамдардың арасында бар өмірін сарқып өткізуге мәжбүр. Бірақ оның өмірі бір ғана жағдайдан өзгеріп сала береді. Оған табиғаттың өзі тосын сый жасайды. Цирктың шамданып қалған зілтемір көтерушісінен қаша жөнелген ол арқандаулы әуе шарына лып беріп секіріп, ұшып кетеді. Сол уақытта бар адам біткен тырқырай қашып, оның алдағы бағытында құйын пайда болады. Астаң-кестеңі шыққан әуе шары бір мезет әлем-тапырықтан кейінгі сәтте жан-жағына қараса – басқа әлем. Бұл әлемнің аты да дәл біздің кейіпкердің атындай – Оз. Оз әлемі...

Disney студиясы үшін «Оз елінің сыйқыршысы» ("Волшебник страны Оз") 70 жылдан бері басты тақырыптарының бірі болып келеді. 1937 жылдың өзінде Уолт Дисней Фрэнк Баум романының желісіне негізделген мультфильм түсіруді жоспарлаған еді. Бірақ бұл жоба өз мезгілінде өзекті бола алмай, оның орнына басқа жобалар іске асырылыпты.

Бояуы қанық жаңа технология арқылы Джуди Гарленд түскен фильм көрерменге кино өнеріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берді.   

Кейінірек те Disney Баумның идеясымен жұмыс істеуге талаптанған болатын. Бірақ бұл қадамды да сәтті деп айта алмаймыз. Көрерменге жеткені тек «Оз еліне оралу» ("Возвращение в страну Оз") еді. Бірақ оның өзі классика деп танылмай-ақ қойды. Ал бүгінгі «Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» анимациялық фильмі жаңалық пен ізденіске толы.

Меруерттен тұрғызылған қаланың келбетін жасау жұмысы Сэм Рэймидың алдына қойылған міндет болды. Ол бұған дейін «Человек-паук» фильмінде өзін жақсы қырынан көрсете алған еді. Ертегі-әлемнің шын мәнінде де кереметтей әсер қалдырғаны жасырын емес.

Фильм жалпы отбасыға арналғанымен негізгі көрермені мектеп жасындағылар екені шындыққа жанасымды. Рэйчел Вайстың өзге актерлерді шеберлік бойында тартып, алға қарай жетелеп жүргені де байқалғандай. Оның ішінде ессіздеу бас кейіпкер де, жасыл мыстанға айналған Мила Кунис те бар. Бұл енді шын актерлер. Ал қанатты маймыл, шыны қыз, мигундар мен басқа да жасанды кейіпкерлер – Баум мен Рэймидың еңбегі. Бас кейіпкер Оскар Диггстың сыйқыршы Озға айналатын тұстары да айтып өтуге тұрарлықтай.   

Картинаны Disney Dogital 3D және IMAX 3D форматтарында Қазақстан кинотеатрларынан 7 наурыздан бастап көре аласыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: oz.meloman.kz

904 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 наурыз 2013, 11:42
Пікірлер
+0
06 наурыз 2013, 12:21

Ұнады ма өзіңе?

+0
06 наурыз 2013, 14:05

Маған ұнады.

+0
06 наурыз 2013, 15:21

Өте ұнады, эксперимент жасаушы оператор мен режисерге риза болдым :geek:

+0
06 наурыз 2013, 19:31

Менің Қазақ жұртымның Астанамда түсірілген қиял ғажайып ең әсерлі филімдерімізді қашан көреміз деп ӘЛЕМ қашан тағатсыздана күтеді екен!!!

+0
06 наурыз 2013, 20:45

фантастиканы жек көрем :x

+0
07 наурыз 2013, 03:29

"Оз: Ұлы әрі Қорқынышты" ақсақ аударма. Дұрысы " Құдіретті әрі қорқынышты Оз " деген сыңайда атау. Жалпы шығармалардың атауын аударуда еркін "творческий подход" қажет. Біздікілер " гуггл-переводчик" іспетті, сөздердің орнын сақтап дірілдеп-қалшылдап, тіреліп тәржімелей салады.

+0
07 наурыз 2013, 19:26

Думанға қосылам

+0
10 наурыз 2013, 00:25

фильм ұнады. бір кісіге риза болдым дәл осы киноны таңдағаны үшін. фантастиканы да көріп тұру керек :)

+0
10 наурыз 2013, 04:56

Мен картинкадағын көріп "Өз елім" немененемене қате қате қылып жазып қойған деп енді қараватсам :lol: :lol:

+0
10 наурыз 2013, 04:56

*"Өз елім" дегенді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...