"Хоббит" миллиард доллар жинады

"Хоббит" миллиард доллар жинады

Режисер Питер Джексонның "Хоббит: Күтпеген саяхат" кинофильмі әлемдік сатылымда миллиард доллар қаражат жинады. Билеттер сатылымы кинолентаның Қытайда көрсетілуінен кейін күрт артты. 

Аты әлемге жайылған "Хоббит: Күтпеген саяхат" кинофильмі жарыққа шығысымен-ақ он күн өте салысымен 37,3 миллион долларды жинап үлгерген еді. Питер Джексонның туындысы уақыт өте келе тоғыз нөлі бар суммалық қаражат жинады. Сонымен қатар фильм 2012 жылдың ең үздік кинотуындыларының қатарына енді. Әлемдік БАҚ америкалық сатылымда "Хоббит: Күтпеген саяхат" кинофильмінің 301,4 миллион долларды жинағанын хабарлауда. 

"Хоббит: Күтпеген саяхат" - Питер Джексонның 2013 пен 2014 жылы түсірілетін "Сақиналар әміршісі" кинотрилогиясының приквелі. «Хоббит: күтпеген саяхат» - секундына 48 кадр жиілігімен түсірілген алғашқы фильм. Екі трилогия да Толкинның шығармасы негізінде жазылған. "Сақиналар әміршісінің" үшінші бөлімі кино тарихында миллиард долларды жинаған екінші кинофильм. Кинотуындының жалпы қаражаты 2,92 миллиардты құрайды.

"Хоббитте" "Сақиналар әміршісіне" жалғасқан оқиғалар баяндалады. Бильбо Беггинс атты жас хоббит күтпеген саяхатқа аттанады. Ол сол жолда көптеген қиындықтарға тап болып, бұрын білмеген тың нәрселермен танысады. "Хоббит" - Толкинның әдебиеттегі алғашқы шығармасы. 

Автор алғашында мұны өз балаларына ертегі етіп шығарған. Ал кейін қарапайым ертегі үлкен кітапқа, кітап кинофильмге айналды. 

Айта кетерлік жайт, "Хоббит" соңғы жаңа технологиялармен түсірілген. 

Бұл фильмнің өз көрермені бар. Әйтпесе осыншама қаражатты жинай қоймас та еді. Фильмнің көрермендері кинотрилогияның екіншісі мен үшіншісін асыға күтуде. Екінші бөлімнің премьерасы 2013 жылдың 13 желтоқсанынан жоспарланып отыр. Ал 2014 жылдың 17 желтоқсанында кинотрилогияның соңғы бөлімінің тұсауы кесілмек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: magnus-25.livejournal.com

А. Әбілхан