Рианна "ең нашар актриса" деп танылды

Рианна "ең нашар актриса" деп танылды

Жақында ғана жаңа үй сатып алған поп-жұлдыз Рианна "ең нашар актриса" атанып отыр.

Таяуда аталған әнші Голливудта әр жыл сайын табысталатын киноиндустрия саласындағы дүдәмал жетістігі үшін "Алтын малина" анти-премиясын иемденді.

РиРиге "Теңіз соғысы" («Морской бой») киносындағы "екінші пландағы өнері үшін" мүсінше бұйырған. Бірақ, әншінің өзі салтанатты кешке барудан бас тартыпты.

Айтпақшы, "Теңіз соғысы" Рианнаның кино өндірісіндегі алғашқы еңбегі саналады.

сурет:pyatnizza.com

Дайындалған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига