Хроника: Оскар сыйлығын кімдер алды?

Хроника: Оскар сыйлығын кімдер алды?

Лос-Анджелестегі «Оскар» киножүлдесінің салтанатты марапаттау рәсімі Астана уақытымен түнгі 4.00-де басталып енді ғана аяқталды. Жүргізуші Сет Макфарлейннің айтуынша, бұл рәсімді әлемнің миллиардқа жуық адамы тікелей эфирден қараған.

Жер бетіндегі 225 елдің назары дәл осы кешке түскен. Марапаттау рәсімінің продюсерлері - Крэйг Задан мен Нил Мерон. Естеріңізге салсақ, олар "Чикаго" фильм-мюзиклын түсірген болатын.   

Тағы бір мереке ішіндегі мереке бұл – Бондиананың 50 жылдығы болып отыр. Атақты «агент 007» Джеймс Бонд туралы циклды фильмдердің басты қаһарманын 6 актер ойнап шыққан: Шон Коннери, Джордж Лэзенби, Роджер Мур, Тимоти далтон, Пирс Броснан және Дэниел Крейг. Кеште осы актерлердің барлығы да Адельдің "Скайфолл" әнімен сахнаға шықты.

Номинация бойынша жүлдегерлер:

«Үздік фильм» Бен Аффлектің «Арго» фильмі болды. Бұл жүлдені Мишель Обама жариялады.

«Үздік қысқаметражды фильм» аталымы бойынша Оскар жүлдесін «Сейчас или никогда» (Curfew) атты Шон Кристенсеннің фильмі алды. Бұл фильммен бір қатарда жарысқа түскен фильмдер –  «Асад» («Asad»), «Игроки бузкаши» («Buzkashi Boys»), «Смерть тени» («Death of Shadow») және «Генри» («Henry»).

«Үздік қысқа деректі фильм» аталымы бойынша Оскар жүлдесіне америкалық киноөнер академиясы Шон Файн мен Андреа Никс Файнның «Иносенте» («Inocente») фильмін лайық деп тапты. Деңгейлі кинотаққа шыққан фильмдер – «Кингс-Поинт» («Kings Point»), «Понедельники в Расине» («Mondays at Racine»), «Открытое сердце» («Open Heart») және «Искупление» («Redemption»).

«Үздік деректі фильм» аталымында Оскар жүлдесін «В поисках Сахарного Человека» («Searching for Sugar Man») фильмімен Малик Бенджеллул еншіледі. Британ-швециялық картина Сиксто Родригес атты рок-әншіні қалай іздегені туралы баяндайды. Осы аталымда жүлде үшін күрескен фильмдер мыналар: «Пять разбитых камер» («5 Broken Cameras»), «Привратники» («Gatekeepers»), «Как пережить чуму» («How to Survive a Plague»), «Невидимая война» («The Invisible War»).

«Үздік композиция» аталымы бойынша Адель айтқан Skyfall басты жүлдегер атанды. Ән Джеймс Бонд туралы 23-фильмнің саундтрегі. Бұған дейін де бұл ән «Золотой глобус» кинопремиясының лауреаты атанған еді.

«Үздік режисер» аталымы бойынша Оскар сыйлығы Энг Лиге "Жизнь Пи" фильмі үшін берілді. Энг Ли Стивен Спилберг («Линкольн»), Дэвид Рассел («Мой парень – псих»), Михаэль Ханеке («Махаббат» драмасы) және Бен Зайтлин («Звери дикого юга») секілді режисерлердің алдын орады.

«Үздік актер» аталымы Дэниэл Дэй-Льюиске бұйырды («Линкольн»).

«Екінші пландағы үздік роль» аталымындағы Оскарды австриялық актер Кристоф Вальц еншіледі. Ол Квентина Тарантиноның "Джанго азат етілген" фильмінде ойнаған. Ол бұған дейін де «Золотой глобус» пен Британ Кино және телеөнер академиясының (BAFTA) тарапынан үздік деп танылған болатын.

«Үздік операторлық жұмыс» аталымында Оскар сыйлығын «Жизнь Пи» алды.

«Үздік әйел рөлі» аталымы бойынша Оскар жүлдесі «Мой парень псих» фильмінде ойнаған Дженифер Лоуренске бұйырды.

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» аталымы бойынша сыйлық Виктор Гюго романының желісі бойынша түсірілген «Отверженные» фильмінде ойнаған Энн Хэтуэйге бұйырды. Бұл актриса бұған дейін "Золотой глобус", BAFTA бойынша лауреат атанған еді.

«Үздік анимациялық лента» аталымы бойынша Оскар Pixar студиясына бұйырды. "Храбрая сердцем" лентасы барлық талапқа жауап берген екен.

«Шет тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша Оскар Михаэль Ханекенің «Любовь» фильміне бұйырды.

«Үздік костюмдер» аталымында «Анна Каренина» үздік атанды.

«Үздік саундтрек» аталымы "Жизнь Пи" әуенін жазған композитор Майкл Дэннаға бұйырды.

«Үздік бейімделген сценарий» атағын «Арго» фильмімен Крис Террио алды.

«Үздік грим және шаш қою» аталымы бойынша «Отверженные» фильмі мойындалды.

«Үздік сценарий» аталымындағы Оскар Квентин Тарантиноға «Джанго освобожденный» фильмі үшін берілді.

«Үздік арнайы эффектілер» атағын «Жизнь Пи» фильмі жеңіп алды.

«Үздік дауыс» аталымында «Цель номер один» мен «007: Координаты «Скайфолл» фильмдері жеңімпаз атанды.

Салтанатты табыс ету рәсімінде Кэтрин Зета-Джонс «Чикаго» әнін айтса, Дженнифер Хадсон «Dream girl» әнін орындады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tatler.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?