Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Сталинге сыйлық" қазақстандық кинофильмі Вашингтонда көрсетілді

"Сталинге сыйлық" қазақстандық кинофильмі Вашингтонда көрсетілді

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде АҚШ конгресінің өкілдеріне арналып қазақстандық режисер Рүстем Әбдірашовтың "Сталинге сыйлық" кинофильмі көрсетілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер Министрлігінің арнайы ақпарат-қызметі. 

"Көпшілік мейірімсіз де зұлым қаһарлы заманның астарына адамдық рухтың және махаббат пен мейірімнің жеңісін жасыра суреттеген бұл фильм авторларының еңбегін аса жоғары бағалады", - делінген ақпараттық хабарламада.

Фильм идеясының авторы – белгілі актер Меңтай Өтепбергенов. 

Фильм желісі Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда болған ауыр оқиғаларға негізделген. Жер аудару. Сталиннің 70 жылдық мерейтойы. Қазақ жеріндегі кеңістік атом бомбасының алғашқы сынағы.

Басты кейіпкер Қасым ата рөлін Нұржұман Ықтымбаев, Бала Сабыр рөлін Дәлен Шынтеміров сомдайды. Ал Сабырдың есейген кезін сценарий жазуға ат салысқан жазушы Давид Маркиш ойнады. Сондай-ақ, фильмде Бақтияр Қожа, Екатерина Редникова, Вальдемар Шчепаняк, Александр Баширов, Ерболат Тоғызақов, Самат Мырзаханов т.с.с. актерлер бой көрсетеді. 

Қазақ қай кезде болмасын келген қонақтың жай-күйі мен тыныс-тіршілігінен хабардар болмастан, оған сый көрсетіп, төрге отырғызған. Фильмде адамдар арасындағы қилы әрі қатал қарым-қатынастар суреттеледі. Қазақ жеріндегі ұлттар достастығы кеңінен дәріптеліп, күллі қазақ халқының дархандылығы көрініс табады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: azattyq.org

1800 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 10:47
Пікірлер
+0
25 ақпан 2013, 10:47

Осы киноны көрмеппін, бірақ БАҚ-тан жылы-жылы пікірлер оқып қаламын )

+0
25 ақпан 2013, 11:48

Маған қатты осы кино ұнайды. Нұржімекен аға керемет ойнайды осы жерде

+0
25 ақпан 2013, 13:15

Нұржұман ата шығар ;)

+0
25 ақпан 2013, 12:39

Танылып жатырмыз)

+0
25 ақпан 2013, 13:29

Меңтай Өтепбергеновтың ерен еңбегін атап өткен жөн.

+0
26 ақпан 2013, 16:29

ммм иа дурыс айтасын

+0
27 ақпан 2013, 20:53

Мына киноны бұрын соңды көрмеппін.... ;)

+0
09 наурыз 2013, 23:18

Жалпы, тебірентеді адамды. Жақсы кино.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...