Ақтауда Қазақ киносы күндері өтеді

Ақтауда Қазақ киносы күндері өтеді

Ақтауда 21-23 ақпан аралығында "Маңғыстау облысындағы қазақ киносы күндері" өтеді. Шараны Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі, Маңғыстау облысының әкімшілігі және Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-сы ұйымдастырып отыр.

Акцияның мақсаты заманауи қазақстандық киноны елге насихаттау және халықты отандық кинематографтың жетістіктерімен таныстыру.

Шара аясында "Қазақфильмнің" "Жаужүрек мың бала" (режисcері Ақан Сатаев), "Аңшы бала" (режиcсерлері Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бегарыс Елубай) және "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (режиcсері Қуат Ахметов) фильмдері көрсетіледі.

df

Қазақстандық кино күндері "Жаужүрек Мың Бала" фильмімен ашылады. Жиынға режиcсер Ақан Сатаев, актерлер Асылхан Төлепов және Аян Өтепберген қатысады. Ал "Аңшы баланың" көрсетілімінде режисcер Ерлан Нұрмұхамбетов пен сценарий авторы Смағұл Елубай болады.

Шара "Сіз кімсіз, Ка мырза?" боевигімен жабылады. Отандық кино мэтры Асанәлі Әшімов фильмін өзі келіп таныстырады.

Көрсетілімдер Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық драма театрында өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: aktau-business.com

Massaget