Қазақфильм прокатқа балаларға арналған фильм шығарады

Қазақфильм прокатқа балаларға арналған фильм шығарады

28 ақпаннан бастап Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" атындағы киностудияның туындысы "Жеңіс семсері" атты балаларға арналған шытырман оқиғалы фильмі прокатқа шығады. Картина режисерлері Әсия Сүлейменова мен Әнуар Райбаев.

Лентада ойда жоқта ескі қылыш тауып алған Айтуар есімді мектеп оқушысының оқиғасы баяндалады. Артынша қазіргі заманға сол жоғалған қылыштың иесі - батыр кіріп келеді. Бұл қылыш жоңғарларды жеңу үшін керек екендігін және батыр оның аса қажет екендігін айтады. Батыр баланы бұл қылыш шешуші жеңісте маңызды екендігінен хабардар етеді. Көрсетілімі ақпан айына жоспарлынып отырған фильмде Ержан Нұрымбет, Дінмұхаммед Садыбеков және Әзиз Бейшеналиевтер ("Ликвидатор") қатысады.

пр

Өндіруші: «Қазақфильм» АҚ 
Жыл: 2012 
Премьера: 28 ақпан, 2013 
Режисер: Әсия Сүлеева, Әнуар Райбаев 
Сценарий авторлары: Әсия Сүлеева, Әнуар Райбаев 
Оператор: Болат Сүлеев 
Композитор: Әліби Мамбетов 
Рөлдерде: Ержан Нұрымбет, Дінмұхаммед Садыбеков, Азиз Бейшеналиев, Бата, Болат Қалымбетов, Дариға Күшікбаева, Жайдарбек Күнғожинов.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан