"Кенжеге" бас кейіпкер керек!

"Кенжеге" бас кейіпкер керек!

Қазақстандық режисер Ермек Тұрсынов өзінің жаңа «Кенже» фильміне бас кейіпкер іздеуде екен. Наурыз айынан бастап түсірілімі басталатын фильм үстіміздегі жылдың мамыр айында-ақ аяқталып үлгереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынов «Кенже» фильміне басты кейіпкерді таңдау кастингін 2012 жылы қараша айында бітіп қойғанын айтқан еді. Сөйтсе де, фильмнің басты кейіпкері таңдалмаған. Ал түсірілімнің басталуына 2 апта қалған. Кастингке жүздеген адам қатысқан, оның ішінде танымал актерлер де болған. Бірақ оның бірі де режисер көңілінен шықпапты.

«Мен заманауи 25-27 жас аралығындағы жігітті іздеймін. Денесі сымбатты, «жұмсақ» емес болса деймін. Актерлік шеберлігі бар ма, жоқ па, ол міндетті емес. Көшенің адамы болса деймін. Себебі мен жаңа адамдармен жұмыс жасағым келеді. Бұған дейін мен Ерболат Тоғызақовты шығарған едім. Дәл осындай бір мықты адам болса деймін», - дейді Ермек Тұрсынов.

Режисер екі аптада керекті актер табылады деп ойлайды. Сценарий бойынша, басты қаһарман ауылда туып, қалаға келеді. Әрқилы қиындықтарды басынан өткеруі керек. Кейіпкердің балалық шағын ойнайтын адам табылып қойыпты. Картинада Ольга Зайцева мен Михаил Хмуров секілді Ресей актерлерінің де бары белгілі болды. Түсірілім жұмыстары Қазақстан, Тайланд, Испания жерлерінде өтпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Ярослав Радловский

А. Құлтай