"Үздік актриса" номинациясында "Оскар" сыйлығын алғаш рет азиялық жеңіп алды

"Үздік актриса" номинациясында "Оскар" сыйлығын алғаш рет азиялық жеңіп алды
Фото: AFP 2023 / PATRICK T. FALLON

"Бәрі барлық жерде және бір уақытта" (Everything Everywhere All at Once) фильміндегі рөлі үшін Мишель Йео "Оскар" сыйлығын жеңіп алды.

Қытайлық 60 жастағы малайзиялық актриса "Бәрі барлық жерде және бір уақытта" фильміндегі басты рөлі үшін "Оскар" алды. Оскар сыйлығының 95 жылдық тарихында өзін азиялық бірде-бір актриса бұл номинацияны алмаған.

Бұл сонымен қатар "Гейшаның естеліктері", "Марко Поло" және "Жасырын айдаһар" фильмімен танымал актриса үшін алғашқы "Оскар" сыйлығы.

Фильмде Эвелиннің оқиғасы баяндалады, ол кенеттен параллельді ғаламдарды шарлай алатын cыңары бар екенін біледі.

Бұл номинацияға Йеодан бөлек Кейт Бланшетт (Тар), Ана де Армас (Аққұбалар), Андреа Райсеборо (Лесли үшін), Мишель Уильямс (Фабелманс) үміткер болған еді.

Айта кетейік, "Навальный" фильмі үздік деректі фильм ретінде "Оскар" жүлдесін жеңіп алды.

Т. Раушанұлы