Алматыда жарнамалық роликтер шоуы өтеді

Алматыда жарнамалық роликтер шоуы өтеді

Алматыда алты сағаттық жарнамалық роликтер шоуы өтеді. Фильм атақты коллекционер Жан Мари Бурсиконың қоржынына жиналып қалған бейнебаяндардан тұрады.

Бұл жылғы бағдарламаны француздық азамат өзі жасап шыққан екен. Коллекционер басты назарды Ұлыбританияда түсірілген роликтерге аударыпты. Оның айтуынша, бұл роликтер ерекшелігімен, жаңашылдығымен тартады. Сонымен қатар, нәзік ағылшын әзілін де сезінуге болады.

Бағдарламаға Жапониядан бастап Мексикаға дейінгі елді мекендерде түсірілген видеолар кірген. Сонымен қатар, бірнеше 1960 жылғы бейнебаян да көрермендерге жол тартады.

"Бұл жылғы көрсетілімнің басты ерекшелігі фантастикалық тематикадағы роликтерге басымдылықтың берілуі болып табылады", - деді Жан Мари журналистерге берген сұхбатында.

Шоу 9 ақпан күні Bekmambetov Cinema кинотеатрында өтеді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kulturologia.ru

Massaget