Жылдың ең үздік мультфильмі — "Ральф"

Жылдың ең үздік мультфильмі — "Ральф"

Дисней студиясының төл туындысы саналатын "Ральф" ("Wreck-It Ralph") мультфильмі "Энни" (Annie Award) сыйлығын бес рет жеңіп алды. 

"Ральф" жылдың ең үздік толықметражды  мультфильмі атына лайық деп танылды. Мультфильмнің жарыққа шығуына ат салысқан жандардан "Энниді" лента режисері Рич Мур ( "Футурама" және "Симпсоны" атты сериалдарды қоюшы режисер) және кейіпкерлерді дыбыстаушы актер Алан Тьюдик жеңіп алды. Онымен қоса, мультфильмнің музыкасы мен сценарийі де "Энни" сыйлығын иеленді. Ал бесінші сыйлықты мультфильмнің өзі алып отыр. Бір премияның бесеуін қанжығасына басқан "Ральф" жылдың ең үздік толықметражды  мультфильмі болмай қайтсін?

Режисер Рич Мур 

Алан Тьюдик 

180-ге жуық кейіпкер бар «Ральф» мультфильмі 2012 жылдың қараша айында әлемдік прокатқа жол тарқан болатын.

"Энни" — 1972 жылы бекітілген анимациялық кинолар әлеміндегі басты премия. "Эннидің" 40-марапаттау шарасы 2013 жылдың 2 ақпанында Лос-Анджелес қаласында өтті. 

Өткен жылы "Энни" премиясының "Жылдың ең үздік толықметражды мультфильмі" номинациясы Гор Вербинскидің "Рэнго" ("Rango") мультфильміне бұйырған еді. Кейіннен мультфильм дәл осы атақты "Оскар" жүлдесімен ақтап алды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: inogallery.com, news.rambler.ru 

А. Әбілхан