«Толағайда» журналистер сынасады

«Толағайда» журналистер сынасады

«Толағай» спорт және ойын-сауық бағдарламасы биыл 5 жасқа толып отыр. Осыған байланысты бағдарлама БАҚ құралдары арасында сайыс өткізбек. Ойын эфирде беріледі, дейді Қазақстан арнасының баспасөз бөлімі.

Қатысушыларға қойылатын талап мынадай: өз басылымының логотипі бар жейде, команда аты және ұран сөз. Ойын ақпан айының соңы мен наурыз айының басында жалғасады. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар дайындалған.

«Толағай» отбасылар сайысы  еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.

Толағайдың жеңімпазы ширек финал, жартылай финал, және финалдық ойынға шығу арқылы анықталады. Бір бағдарлама 7 түрлі жарыстан тұрады. Қатысушылардың мақсаты бәсеке талаптарын орындап, қазылар алқасы тарапынан жоғарғы бағаға ие болу.

Отбасы бірлігін паш етуді мақсат еткен «Толағай» отбасылар сайысы еліміздің жас өрендерін спортқа баулып, салауатты өмір сүру салтын насихаттайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bp.blogspot.com

А. Құлтай