Болған оқиға ізімен: Спорт жанрындағы фильмдер

Болған оқиға ізімен: Спорт жанрындағы фильмдер
Фото: afisha.ru

Болған оқиғаларға негізделген спорт туралы үздік 8 фильмді ұсынамыз.

Бешеный бык / Raging Bull 

"Бронкс бұқасы" деген лақап атқа ие болған боксшы Джейк ЛаМотта бір кездері әлем чемпионы болған. Оның ауыр мінезі тек спорттағы жетістігінің себепші ғана емес, сонымен қатар өмірінің астан-кестеңін шығарған  еді. Ол өзінің мінезінің кесірінен әйелімен ажырасып тыңды, ал бауыры бола онымен аралысудан бас тартқан. Фильм оның өмір жолын көрсетеді.

Гонка / Rush

70-жылдар. Екі қарсылас ағылшын ойыншысы Джеймс Хант және аустриялық перфекционист Ники Лауда трассада жеңіске жету үшін өздерін әбден дайындған болатын. Олар үшін жеңіске жетудің оңай жолы және қателесу құқығы жоқ. 

Фаворит / Seabiscuit

Жергілікті ипподромда қара ат алып келеді.  Ол кішкентай және жарысқа жарамсыз еді. Оны зағип шабандоз Ред Поллард үйрете бастайды.  Ал ипподром қожайыны  Чарльз Ховард аттан болашақ көреді. Бірлесе жүріп атты жарысқа дайындауға шешім қабылдайды.

Охотник на лис / Foxcatcher

Мультимиллионер Джон Дюпон 1988 жылғы Сеулдегі Олимпиада ойындарына команданы дайындау үшін Олимпиаданың алтын медалінің иегері Марк Шульцті өз үйіне шақырады. Аты аңызға айналған балуан Дэйв Шульцтің көлеңкесінен шығуға үміттеніп, Марк бұл ұсынысты қабылдайды. Бірақ жаттығуға Дэйв қосылған кезде, Дюпон мен Марк арасы бұзылады.

Али / Ali

Мұхаммед Әли — Американың батыры саналады, көптеген адамның кумирі. Қиын, аласапыран жылдары өз елінде азаматтық құқықтар үшін күресіп, саяси және әлеуметтік оқиғалар адамдардың дүниетанымын түбегейлі өзгерткен кезде, Әли жаншылып-езілгендерді қорғап, адамдарға жаңа үміт сыйлады.

Триумф / The Greatest Game Ever Played

Ал 1913 жылы US Open гольф біріншілігінде болған оқиғаны ғажайып оқиға деп атаған дұрыс. Ешкім танымайтын 20 жастағы жігіт Франсис Уиме, әйгілі чемпион Гарри Вардонды жеңді. 

В лучах славы / Friday Night Lights

"Permian High Panthers" - Техас тарихындағы ең табысты футбол командасы. Команданың жас мүшелері әр ойынды өздерінің шағын қалаларынан шығу мүмкіндігі ретінде, 18 жасқа толған шыңдарына жете алатын жұлдызды сәті ретінде қабылдау ойнайтын.

Допинг / The Program

Ирландиялық спорт журналисі Лэнс Армстронгтың Тур де Франстағы жеңіс кезінде тыйым салынған заттарды қолданғанына сенімді. Осы сенімдермен ол Армстронгты әшкерелейтін дәлелдерді іздей бастайды.

Т. Есқали