2022 жылдың үздіктері: Демалыста қарауға болатын сериал мен кинолар

2022 жылдың үздіктері: Демалыста қарауға болатын сериал мен кинолар
Фото: iphones.ru

2022 жыл фильм тұсаукесеріне бай болды. Сериалдар мен фильмдер қиындықты жеңуге көмектеседі, жақсылыққа сенуге себеп болады. Өткен жылдың үздік фильм мен сериалдарын ұсынамыз. 

"Уэнздэй"

Қыс мезгілінің ең басты жаңалығы әрі үздігі — "Уэнздэй" сериалы. Аддамс отбасы туралы туынды шыққанына 30 жыл өтсе да, оларға деген қызығушылық әлі сөнбеген. Сериалға танымалдылық алып келген әлеуметтік желідегі бас кейіпкердің биі еді. Тим Бертон де бұл жолы режиссер рөлін атқарды. Ал бас кейіпкерді Дженна Ортега сомдады.

"Барлығы бар жерде және бірден" / "Все везде и сразу"

2022 жылдың ойды сан-саққа жүгірткен фильмі десек қателеспейміз. Картина ана мен бала арасындағы сезім жайында. Фантастика, абсурдты комедия мен кунг-фу жанрының қосындысы. Фильм хикаясы мультикеңістікте жүреді. Ал бас кейіпкерді азия кинематографиясының аңызы Мишель Йео сомдайды. 

"Дамблдор құпиясы" / "Фантастические твари: Тайны Дамблдора" 

Франшизаның үшінші бөлімі Альбус Дамблдор мен Геллерт Грин-де-Вальд  арасындағы шайқас туралы болады. Профессор Геллерт Грин-де-Вальдтың басты мақсаты алдап-арбап халықаралық сиқыршылар басшысы болу екенін біліп қояды. Бұл жолы Джонни Депптің орнын Мадс Миккельсен басады.

"Айдаһар үйі" / "Дом дракона"

"Тақтар ойының" спин-оффы "Айдаһар үйі" Дейенериске дейін 200 жыл оқиғаны баяндайды. Сериалдан Мэтт Смит пен Рис Эвансты көруге болады.

"Мия пиццасы" / "Лакричная пицца"

25 жастағы қыз бен 15 жастағы жасөспірімнің махаббат хикаясын баяндайды. Әрине, ақылға қонымсыз қарым-қатынас. Жас бала мектепте оқиды, ал бойжеткен болса мектеп фотографының көмекшісі. Қазіргі уақытта тыйым салынған қарым-қатынас болса да, 1970 жылдардағы Америка үшін бұл қалыпты. 

"Нөлдік пациент" / "Нулевой пациент"

Өткенге оралып, тарихтан сыр шертетін ресейлік сериал. Оқиға 1988 жылғы Элистадағы АИТВ ауруының таралуы туралы. Сериал денсаулық сақтау ұйымының қателігі мен мемлекеттің оны зерттеуге ден қоймауын сынайды. Бас кейіпкерлерді Асқар Ильясов пен Никита Ефремов сомдайды.

"Топ Ган 2: Мэверик"

Әлемдегі ең керемет әрі білді актер Том Круз. Бұл фильмдегі барлық қауіпті сахналардың бәрін Том өзі түсірген. Тіпті жасыл экран қолданылмаған.

Т. Есқали