Том Круз мансабындағы ең қауіпті трюкті атады

Том Круз мансабындағы ең қауіпті трюкті атады
Фото: afisha.ru

60 жастағы американдық актер Том Круз өзінің мансабындағы ең қауіпті трюкті атады. Актер «Миссия невыполнима. Смертельная расплата» фильмінің 1-бөлімінің түсірілімі кезіндегі биіктіктен мотоциклмен қалай секіргенін көрсетті.

«Бұл, сөзсіз, біз жасаған ең қауіпті нәрсе. Біз бұл трюкті Норвегияда түсірмекшіміз, яғни жартастан мотоциклмен секіреміз», - дейді актер видеода.

Том Круздің координаторы Уэйд Иствуд актердің бір жыл бойы «базалық және ілгері деңгейдегі жаттығулардан» өткенін және қауіпті трюкті орындауға дайындалғанын айтады. Актердің трюктердің басым көпшілігін өзі жасауға тырысатыны бұрыннан белгілі.

«Миссия невыполнима» фильмінің түсірілімі коронавирус себебінен бірнеше рет кейінге шегерілгенін ескерте кетейік. Басты рөлде Том Круз ойнайтын «Миссия невыполнима» боевигінің 6 фильмі бар. Ал жетінші бөлімі 2023 жылы шілдеге, сегізінші бөлімі 2024 жылдың маусым айына жоспарланған.

А. Жапатова