"Starbucks кофесі қайдан жүр?!": Атақты кинофильмдердегі қателіктер

"Starbucks кофесі қайдан жүр?!": Атақты кинофильмдердегі қателіктер

Фильм түсіру процесі ұзақ және жүйкені жұқартардай ауыр үдеріс. Миллиондаған кадрлар, күрделі көріністер... Кейде монтаждау кезінде ұсақ-түйектерге қатысты қате кетуі ғажап емес. Ойлап көріңізші, актер реквизиттерді алдыңғы эпизодтан өзге қолмен алады немесе кенеттен сөмкесін немесе пальтосын «жоғалтады». Мұның бәрі өте қырағы көрерменге ғана байқалатын ұсақ-түйектер. Біз атақты фильмдердегі ең қызықты қателерді жинадық. Қызықтап көріңіз.

"Тақтар ойыны"

Ең атышулы фильмдердің бірі "Тақтар ойыны" сериясының соңғы, сегізінші маусымында қызық оқиға болды. Төртінші эпизодта, фильмде той болып жатқанда,  Дейнерис Таргариен – Айдаһарлардың анасының қасынан Starbucks кофеханасының қағаз ыдысын анық көруге болады.

"Борн идентификациясы"

Бас кейіпкер Джейсонға жаңа төлқұжат берілгенде,  латын тілінде Фома Киняев деп жазылған, ал кириллицада мағынасыз әріптер тізбегі берілген. Бұл ең танымал киноқателік.

"Терминал"

Бұл фильмде аударма қиындықтары туындаған. Кейіпкер Виктор Наворски әскери төңкеріс нәтижесінде өз елі саяси картадан жойылғандықта әуежай ғимаратынан шыға алмайды. Кадрлардың бірінде оның құжаттары көрсетілген. Жүргізуші куәлігінде латын қарпімен Виктор Наворски деп көрсетілсе, ал кириллицамен Гүліна Гульнара Надырауна деп жазылған. Сонымен қатар, тұрғылықты жері фильмде айтылған Кракожия емес, Гомель (яғни Беларусь) екені де қызық.

"Сұлу"

Вивьен ваннада плеер тыңдап жатады. Ол суға басымен сүңгіп бара жатқанда көрсетілетін панорамалы кадрда плеер құлаққабы  ваннада көрінбейді.

"Титаник"

Батып бара жатқан Титаниктегі құбырға кісенделген Джекті құтқару үшін Роуз балта тауып алады, бірақ оны сермеп кеп қалғанда ол шынжырға емес, ғашығының сол қолына тиеді (стопкадрды қараңыз). Бірақ фильмде ол тимегендей, кісенді дәл кескендей түсіндіріледі.

"Криминалды шығарма"

Аса талантты режиссер Квентин Тарантино да қате жібереді екен. Фильмде бас кейіпкерлер Винсент пен Джулс бастықтарының атпсырған миссиясын орындауға барады. Пәтерде атыс болса да, екеуі тірі қалады. Бірақ кадрларды мұқият қарасаңыз, олар оқ жаудырмай тұрып-ақ қабырғаларда тесіктер пайда болған.

"Ымырт"

Кинодағы ең танымал қателіктердің бірі – "Ымырт", яғни,""Сумерки" фильміндегі оператордың қателігі. Жаңадан бастаған режиссерлер ғана жасайтын дүние, кәсіпқойлар мұндайға қырағы келеді. Десе де... 

"Гладиатор"

Фильмнің басты кейіпкері Максимус қатысқан шайқас кезінде аренада ежелгі римдіктердің арасында джинсы шалбар мен ақ футболка киген адамды көруге болады. Кадрды үлкейте отырып, бұл операторлардың бірі екенін көруге болады.

"Уолл Стриттен шыққан бөрі"

Джордан Белфорт кеңседе жалынды сөз сөйлеп, қызметкерлерді ынталандырады. Бір жігіттің қасына жақындап, сол қолын иығына қояды, оң қолында микрофон бар. Ракурс өзгерген кезде микрофон сол қолда, ал оң қолы жігіттің иығында екенін көруге болады.

 "Хәрри Поттер мен Пәлсапа тасы"

Гарри сиқыршылар мектебінен хат алады. Онда Хогвартстың таңбасы басылған, ал конвертті аударған кезде оның орны өзгереді. Мөр камера жаққа шығады.

Ал сіз байқаған қандай қателіктер бар?

А. Оралқызы