2022 жылдың үздік фильмдері

2022 жылдың үздік фильмдері
Фото: cinemaplex.ru

Белді америкалық киносайт IndieWire 2022 жылдың үздік 25 фильмін ұсынды. Солардың арасынан таңдалмалы фильмдер топтамасын жинақтадық. Сіз қай фильм үздік болуға лайықты деп ойлайсыз?

Фабельмандар
Фабельманы

Атақты режиссер Стивен Спилберг бұл фильмді өзінің балалық шағына арнаған. Ата-анасының ажырасуын қабылдау балаға қиын соғары анық. Ол кейінгі өміріне де айтарлықтай әсер етеді. Фильмнің бас кейіпкері Сэм Фабельман кино түсіруді армандайды. Бірақ әзірге әкесі мен анасының қарым-қатынасы арманына күмәнмен қарауға мәжбүрлейді.

Жоқ
Нет

Әкесі қайтыс болғаннан кейін ағалы-қарындас Оджей мен Эмеральд отбасылық мал шаруашылығын қолға алады. Жағдайлары нашарлаған кезде жануарлардың бір бөлігін сатып жібереді. Бірақ жағдай реттеле қоймаған соң, Оджей шаруашылықты сатып жіберуге шешім қабылдайды. Дегенмен ол ферма аймағынан бөгдеғаламшарлықтың кемесін байқап қалады.

Топ Ган: Мэверик

Мэверик лақап атымен танымал Пит Митчелл 30 жылдан астам уақыт бойы теңіз әскери күштерінде қызмет етеді. Ол мықты ұшқыштардың бірі еді. Мансабының жоғарылуына ол бірден қарсылық білдіреді. Өйткені, ол кезде ол ұшқыш қызметінен айырылатын еді. Бір күні оған арнайы тапсырма үшін “Топ Ган” түлектерін дайындап шығу тапсырылады.

Сұлулық пен қантөгіс
Вся красота и кровопролитие

Фильм фотосуретші Нэн Голдиннің шығармашылығы мен оның белсенді ретінде өмірін баяндайды. Ол Саклердің фармацевтикалық дәуірі мен Purdue Pharma компаниясына қарсы шеруілдер ұйымдастырады. Оларды апиын эпидемиясының кесірінен қаза тапқан жүз мыңдаған адамның өмірі үшін жауапты деп айыптайды.

Кетем деп шештім
Решение уйти

Детектив жардан құлап қаза тапқан ер адамның өлім себебін тексеруге кіріседі. Бірақ тергеу барысында оның әйеліне ғашық болып қалады. Екеуінің қарым-қатынасы махаббатқа ұласады. Детектив уақыт өте сүйгенінің қылмыскер болуы мүмкін екеніне дәлелдер таба бастайды.

Иншерин баншиі
Банши Инишерина

1923 жыл. Ирландияда азаматтық соғыс жүріп жатыр. Инишерин аралында тұратын Патрик пен Колм айырылмас достар еді. Олар кенеттен бір-бірімен араласпай қалады. Олардың арасындағы жанжал көп шындықтың ашылуына әкеледі.

Барлығы барлық жерде және бірден
Всё везде и сразу

Эвелин қиындықтардан көз ашпай келеді. Бәрі салық төлеуге барған кезде өзгереді. Өйткені Эвелин параллель ғаламдардың барын біледі. Ал күйеуі болса сол ғаламдардың бірінен келгені анықталады. Ал қызы болса сол бір әлемдердің бірінде нағыз зұлым. Енді Эвелин тек осы әлемді ғана емес, бүкіл параллель әлемді құтқаруы керек.

Тар

Халықаралық деңгейде танылған дирижер және композитор Лидия Тар Берлин филармониясының алғашқы әйел дирижері. Ол танымал еді. Кітап шығарып, сабақ береді. Асырап алған қызының бар жағдайын жасайды. Бірақ оның сүйіктілерінің бірі қаза болған кезде, Лидияның мінсіз беделіне нұқсан келеді.

Күнім менің
Солнце моё

Жас әке Калум өзінің жазғы демалысын он бір жастағы қызы Софимен Түркияда өткізеді. Олардың бірге уақыт өткізуі екеуінің қарым-қатынасына әсер етеді. Араға біраз жыл салып Софи сол демалыс күндерін сағынышпен еске алады.

Т. Есқали