“Пидің өмірі” прокаттан жарты миллиард доллар тапты

“Пидің өмірі” прокаттан жарты миллиард доллар тапты

Режисер Энг Лидің “Пидің өмірі” картинасы әлемдік прокатта 500 миллион доллар тапты.

Бұл соманың 100 миллионы Солтүстік Америка елінен жиналса, қалған бөлігі әлемдік прокаттан келді.

Фильм теңіз саяхаты кезінде дауылға ұрынып, бүкіл отбасынан айырылып жалғыз қалған баланың бастан кешкендерін баян етеді. Осылайша жас жігіт шарасыздықтан жолбарыспен кішкене қайықта бірге болып, тоқтаусыз жүзіп отырады.

"Пидің өмірі" фильмінің трейлері

Айта кетелік, Энг Лидің бұл картинасы үстіміздегі 2013 жылы “Оскарға” ұсынылған номинациялар саны бойынша көшбасшы болып отыр. Фильм 11 категорияда, соның ішінде үздік режиссура номинациясында бақ сынайтын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

cурет: okino.ua