Темір Арни "Терминатордың" бесінші бөлімінде ойнамақ

Темір Арни "Терминатордың" бесінші бөлімінде ойнамақ

"Терминатор 5" - атақты атыс-шабыс фильмдер жалғасында Арнольд Шварценеггер ойнайтын болды. Бұл туралы Bleeding Cool интернет-порталы хабарлап отыр. Портал журналисі Патрик Дейн актерден сұхбат алуы кезінде аңызға айналған кинофраншизаның жалғасына түсетіні белгілі болған.


  

Десе де, темір Арнидың қандай рөл ойнайтынын әзірге белгісіз қалып отыр. Шынтуайтында, бірінші екі фильмдегідей Т-800 немесе үшінші бөліміндегі Т850 роботтарының рөлдері қайта сомдала ма, жоқ па ол да белгісіз күйінде.

Сұхбат барысында актер бұл фильм үстіміздегі жылда шығатынын айтқан. Ал кинокартинаның продюсерлері Меган және Дэвид Эллисондар екі сценаристті тауып қойғанын жақында ғана айтқан болатын.

Олар "Айқай" ("Крик") хоррорының монтажымен жұмыс жасаған Патрик Лусье мен "Александр" және "Қырсық атқан арал" ("Проклятый остров") фильмдерінің сценарисі Лаэт Клогоридис.

Айта кетсек, соңғысы "Аватар" фильмін түсіруде Джеймс Кэмеронмен бірге жұмыс жасаған болатын. Ал жақында ғана Ким Чжи Уна есімді корей режиссерінің "Оралған қаһарман" фильмінің трейлері шыққан болатын. Мұнда да басты рөлді Арнольд Шварценеггер сомдаған болатын.

Halcyon компаниясы "Терминатор: құтқарушы келеді" ("Терминатор: Да придёт спаситель"), яғни төртінші бөлімінен кейін бірден бесінші және алтыншы бөлімдерін түсіруге құлқылы екені белгілі болған еді. Бірақ төртінші бөлім сәтті шыға қоймағандықтан компания банкротқа ұшырады. Жобаны Pacificor компаниясы сатып алған соң оған Sony Pictures және Lionsgate қызметтес болуға ұсыныс жасады. Бесінші бөлімнен соң бірден алтыншы нұсқа жұмыстары күтіп тұрғанын айтты ұйымдастырушылар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: terminator.wordpress.com

А. Құлтай