Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қазақ киносы Берлинде топ жармақ!

Қазақ киносы Берлинде топ жармақ!

Қазақ киносы Берлинде топ жармақ!

Тұңғыш рет Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасына қазақстандық фильм еніп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Эмир Байғазиннің дебюттік жұмысы болып саналатын «Үйлесім сабақтары» («Уроки гармонии») фильмі 63-кинобайқауында көрсетілмек.

«Қазақфильм» АҚ Баспасөзінің ақпараттық қағазында көрсетілгендей, аталған фильм 2011 жылы «Қазақстан киножобаларының рыногын» (Spotlight: New Kazakh Cinema) жеңіп алған болатын. Жоба VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен еді. Аталған сыннан соң жас режисер «Қазақфильм» киностудиясының қолдауына ие болды.  

Ал 2012 жылы фильм Сараево кинофестивалінің Work-in-Progress кезеңінде бірінші орын алып, кейіннен Әлемдік кино қорының (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығын иеленді. Қазақстандық «Үйлесім сабақтары» («Уроки гармонии») жобасы әлемдік қордың қолдауына ие болған тұңғыш фильм болып отыр.

Берлин кинофестивалі 7-17 ақпан аралығында өтеді. Ал жеңімпаздар 16 ақпан күні белгілі болады. Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон секілді режисерлерінің жұмыстарымен деңгейлес болып отырған қазақстандық драмадан бұрын Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі де сынға түскен болатын. Ол 1995 жылы Венеция фестивалінде таныстырылған еді.

Биыл байқауға қатысуға көптеген елдерден үш мыңнан астам өтініш келіп түскен екен. Әділқазылар алқасының төрағасы Вонг Кар-Вай есімді қытайлық режисер.

Дайыдған: Ерғали Елдос

Сурет: kazakhfilmstudios.kz

1221 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 қаңтар 2013, 19:29
Пікірлер
+0
19 қаңтар 2013, 21:01

бұл жігіт біразға барады, фильмін көрмеппін бірақ. Әйткенмен, Берлин мойындап жатқан кино біздің де көңілімізден шығады деген сенімдемін.

+0
20 қаңтар 2013, 21:44

Алға, қазақ киносы!

+0
20 қаңтар 2013, 22:40

Сәттілік!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...