Балалар неге аниме көруге құмар?

Балалар неге аниме көруге құмар?
Фото: zhzh.info

Аниме — заманауи анимацияның ерекше түрі. Ол көпшілік балаға ұнайды, ал ересектердің көбі, керісінше, оған «біртүрлі» мультфильмге секілді қарайды. Анимені ересектер қанмен және қаталдықпен байланыстырады. Алайда, қателесесіз. Ендеше, аниме жайлы не білу керек? Балалар неліктен аниме көруге құмар және ол балаларға қалай әсер етеді?

Аниме — кейіпкерлер мен фонның өзіндік стилімен ерекшеленетін жапондық аниме. Әдетте, көпшілік аниме балаларға емес, жасөспірімдер мен ересек аудиторияға арнала түсіріледі. Бірақ кішкентай балаларға да көруге болатын анимелер бар. Кино және мультфильмдер секілді анимелер де жас категориясына қарай ұсынылады: мысалы, «Өлім дәптері» сериалы 18+, ал «Нарутоны» 12 жастан бастап қарауға болады.


"Кішкентай мыстандар академиясы"

Балалар неліктен аниме көруге құмар?

Сюжеттің әртүрлілігі

Әдетте, анимеде бастыс анимациясында сирек кездесетін оқиғаларды кездестіруге болады. Мысалы, мектептегі қарапайым балалардың өмірі немесе бейнеойын әлеміндегі саяхат жайлы көп сериялы оқиғаларды көруге болады. Толықметражды мультфильмдер қызықты оқиғаға екпін қойса, аниме-сериалдарда кейіпкердің күнделікті өміріне көп уақыт бөледі. Ал жанр жағынан кез келген баланың көңілінен шығатын түрі табылады. Егер бір «қорқынышты» аниме көріп қалсаңыз, анимелердің бәрі бірдей ондай деген сөз емес. Балаға анимені жасына қарай таңдау маңызды. Мейірімді, қызықты анимелер көп.


"Наруто"

Жарқын эмоциялар

Анимелердің өзіне тән ерекшелігінің бірі — эмоцияларды тым әсірелеп көрсету. Кейіпкерлердің күлкілі бет-әлпеттеріндегі эмоцияларды ең кішкентай көрерменнің өзі түсіне алады.

Кез келген талғамға арналған кейіпкерлер

Типаж бен оқиғаның әртүрлілігі көрермендерге өзінің жанына жақын кейіпкерлерді табуға көмектеседі. Сондай-ақ олар құрдастарымен сөйлесу, оқуға қатысты, әуестігін іздеу және ата-анасымен қатынасы секілді күнделікті проблемалардың шешімін таба алады.

Басқа мәдениетті зерттеу

Жапония — жұмбақ шығыс елі. Олардың дәстүрін, тілін анимелер көру арқылы зерттеуге болады. Кей анимелерден жапондық аңыздарды кездестіруге болады. Бұл басқа мәдениет жайлы білудің бір жолы.


"Теңіз балалары"

Анименің кемшіліктері

Кейіпкерлерді шынайы емес бейнелеу

Әдетте, жапондық анимацияларда кейіпкерлер бұрмаланған пропорцияларда суреттеледі: қарапайым адам үшін олар өте мінсіз. Бұл жапондықтардың мінсіз көрінгісі келуімен байланысты болуы мүмкін, алайда ол әлем бойынша барлық балаларға әсер етуі мүмкін.

Сериялардың көпітігі

Әдетте, бір сезонда 24 сериядан (әрбіреуі 25 минуттан) болады. Егер сюжет баланы қызықтырып алса, ол күні бойы экранның алдында отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, баланың денсаулығына, жалпы басқа хоббилеріне зиян келмес үшін онымен келісіп алу керек: мысалы, күніне 3 сериядан артық қарамау.


"Окко қонақүйі"

Егер бала аниме көп қараса, не істеу керек?

Аниме қарағанда тұрған жаман ештеңе жоқ. Бірақ баламен қандай шығармалар қарайтынын талқылау маңызды. Ата-аналарды жиі беймәлім нәрселер қорқытады. Балаңыздан оның сүйікті аниме-сериалын сізге де көрсетуін сұраңыз. Оны бірге қарау баланың немен әуестенетінін түсінуге көмектеседі және бір-біріңізді жақындастырады. Әңгіме айтуға ортақ тақырып та болады. Аниме ересек адамды да жалықтырмайды. Бастысы — оның анимация екенін қабылдау және ол тек балаларға арналмағанын түсіну.

Бала дамуына дұрыс орта қалыптастыру үшін сенімді әңгімелер мен оның хоббиіне шынайы қызығушылық білдіру маңызды. Тіпті, сізге «Наруто» ұнамаса да баланы тыңдауға тырысыңыз. Ол сізге біраз қызық нәрсе айта алады және сіздің оған деген көңіліңізді бағалайды.

Үздік анимелер топтамасын мына жерден көре аласыз.

А. Жапатова