"Оскар" сыйлығынан кімдер үмітті?

"Оскар" сыйлығынан кімдер үмітті?

24 ақпан күні кино әлеміндегі ең айтуылы мерекелердің бірі - "Оскар" сыйлыған марапаттау рәсімі болады. Ал бүгінде Америка киноакадемиясы бұл сыйлықта сарапқа салынатын кинолар мен әртістердің тізімін жариялады. Назарларыңызға 2012 жылы "Оскар" сыйлығынан үміткерлердің тізімін ұсынамыз. 

"Үздік режисер" атағы үшін Дэвид О'Рассел, Стивен Спилберг, Михаэль Ханеке, Бен Зайтлин, Энг Ли таласатын болады. 

"Жылдың Үздік фильмі" номинациясында:

  • "Махаббат" (Любовь),
  • "Арго операциясы"(Операция «Арго),
  • "Азат етілген Джанго" (Джанго освобожденный),
  • "Линкольн",
  • "Пи өмірі" (Жизнь Пи),
  • "Менің жігітім-  есуас" (Мой парень — псих),
  • "Назардан тыс қалғандар"(Отверженные),
  • "Нөмірі бірінші нысан"(Цель номер один),
  • "Оңтүстіктің жабайы жыртқыштары"(Звери дикого юга).

"Жылдың Үздік актері" атағына үміткерлер:

  • Брэдли Купер "Менің жігітім - есуас" фильміндегі рөлі үшін,
  • Дэниэл Дэй-Льюис «Линкольн»,
  • Хью Джекман "Назардан тыс қалғандар",
  • Хоакин Феникс Шебер (Мастер),
  • Дензел Вашингтон (Экипаж).

"Жылдың Үздік актирасы" атағына үміткерлер: 

  • Джессика Честейн "Нөмірі бірінші нысан" фильміне түскені үшін,
  • Дженнифер Лоуренс "Менің жігтім - есуас",
  • Эммануэль Рива "Махаббат",
  • Кувенжане Валлис "Оңтүстіктің жабайы жыртқыштары",
  • Наоми Уоттс "Мүмкін емес" (Невозможном).

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: lady.ru

Ю. НИКУЛЛИН