Алматы автобустарынан жаңа мультфильм көрсетіледі

Алматы автобустарынан жаңа мультфильм көрсетіледі

Алматылық мектеп оқушылары жол ережесін мультипликациялық фильмнің көмегімен үйренетін болады. 

"Жолдос көмекке асығады" атты сериал - жол полициясының жаңа өнімі. Мақсаты - жолда жүру ережесін сақтау арқылы балаларға өз денсаулықтарына өздері жауапты екендігін түсіндіру. Бұл бастама "Ақылды жаяу жүргінші" деген агитациялық акцияның аясында жүзеге аспақ. 

Мультфильмнің көрсетілімін кинозал қабырғаларында тұсауын кесіп, балалармен таныстырған қаламыздың алдыңғы кино мекемелері қолдап отыр. Алдыңғы уақыттарда бұл мультипликациялық фильм қоғамдық көліктер мен қала көшелері бойындағы үлкен жарнама тақталарынан көрсетілетін болады. 

Жол полициясының қызметкерлері осы бастама барысында көптеген оқушыларды мектептерде, оқушылар сарайындағы кинозалда арнайы жинап жол ережесімен таныстыруда.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: k1.kz, news.nur.kz

А. Әбілхан