Леонардо да Винчи туралы сериал жарыққа шықпақ

Леонардо да Винчи туралы сериал жарыққа шықпақ

2013 жылдың сәуір айында америкалық телеканалдардың эфиріне Леонардо да Винчи туралы сериал шығады. Қара рыцарь туралы Кристофер Ноланның трилогиясының желісімен жазылған сценарийдің авторы - Дэвид Гойер. 

"Да Винчидің жындары" деп аталатын сериалда аты әлемге әйгілі суретші басты кейіпкер болмақ. "Ол (Леонардо да Винчи) нағыз қаһарман", - дейді сценарист Дэвид Гойер. 

Сонымен қатар, Гойер Леонардо да Винчи туралы сериалды Бэтмен салыстырады. "Екеуінің де өміріндегі басты орында ата-аналары болған", - дейді сценарист.

Сериалдағы басты қаһарманның рөлін Том Райли сомдайды. Алғашқы маусымы сегіз сериядан тұрады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: 15min.lt

А. Әбілхан