Бекмамбетов Алматыда фильм түсірмек

Бекмамбетов Алматыда фильм түсірмек

«Оз елінің жауынгері» атты фильм түсірілімі 2013 жылдың 5 қаңтарында басталады.

«Базелевс» америкалық студиясы түсіретін фильм Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында түсіріледі. 

Тимур Бекмамбетовтың айтуынша, фильм жасауға продюсер мен сахна қоюшы Игорь Цай қатысады. Сондай-ақ, Бекмамбетов көптеген америкалық актерлерді осы жобаға шақырмақ екен. Тимур Бекмамбетов: "Бұл фильм үлкен халықаралық жоба болатындығына сенемін," - деп атап өтті.

Айта кетсек, режисердің соңғы ұсынған туындысы «Джентльмендер, сәттілік!» кеңес заманының әйгілі фильміне ремейк болған еді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: imobilco.ru

С. А