«Кенже» - қала өмірі туралы фильм

«Кенже» - қала өмірі туралы фильм

Ермек Тұрсыновтың «Келін», «Шал» фильмдерін көрдік. Ендігі кезекте 2013 жылдың ақпан айынан бастап «Кенже» фильмінің түсірілімі басталатын болды. Бұл туралы Алматыда өткен «Шал» фильмінің DVD дискісінің таныстырылымында айтылды деп хабарлайды BNews.kz.

Келесі фильм трилогияның соңғы бөлімі болмақ. «Кенже» деп аталатын фильм қала өмірін баяндайтын, бүгінгі өмірді көрсететін туынды. «Мұның барлығы менің ойымнан туған ой, көрермен менің фильмімді осылай түсінсін деп түсіремін» дейді Ермек Тұрсынов.

Сонымен қатар, фильм режисері «Шал» фильмін өзінің ең басты жетістігі болғанын айтты.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- "Шал" Қазақстанда көптеген жүлде алып жатыр. Бұл халыққа жасалған кино. Қазір біздің көрермендеріміз отандық фильмдерге келе бастады. Бұл үлкен жетістік деп есептеймін. Сенімді ақтау үшін келешекте тағы осындай кинолар түсіру керек...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: 1mag.kz

А. Құлтай