Netflix: Мэрилин Монроны сомдаған актриса әлемді сұлулығымен тәнті етті

Netflix: Мэрилин Монроны сомдаған актриса әлемді сұлулығымен тәнті етті

Netflix Мэрилин Монро туралы байопик шығатынын хабарлады. «Блондинка» аталатын фильмнің алғашқы тизері көрерменге жол тартты. Фильм күміс экранның алтын дәуірінің ең жарқын жұлдызы Мэрилин Монроның өмірі мен мансабы туралы баяндайды. Басты рөлді Ана де Армас сомдады. 

Фильм сюжеті Джойс Кэрол Оутстың Мэрилин Монроның өмірін баяндайтын романына негізделген. Оқиға желісі 1950 және 1960 жылдар аралығында болады.

 Жобаның режиссері және сценарийін адаптациялаушы - Эндрю Доминик. Фильмде сонымен қатар Эдриен Броуди, Бобби Каннавале, Джулиан Николсон, Каспар Филлипсон, Тоби Хусс, Сара Пакстон және т.б. актерлер ойнайды.

Драманың премьерасы осы жазда Венеция кинофестивалінде өтеді. Netflix-ке 23 қыркүйек күні шығады.

А. Оралқызы