Жапон киносының фестивалі

Жапон киносының фестивалі

Ақпан айының 24-26 жұлдызында Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі және Олег Борецкий Киноклубы «Цезарь» кинотеатрының қолдауымен Жапон киносының 12-фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында Жапония елінің үздік деп танылған бес киносы көрсетіледі. Бұл туындыларда жапон халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, болмысы суреттелген.

Бұл шараның басты мақсаты – қазіргі заманғы жапон киносының жан-жақтылығын көрсету. Әлемге кеңінен танылып үлгерген анимеден бастап, халықаралық фестивальдердің жүлделеріне ие болған драмалық кинолар көрсетілмек.

Фестиваль ұйымдастырушыларының пікірінше, фестиваль тек киносүйер қауымға ғана емес, Жапония мәдениеті мен тұрмысына қызығушылық танытатын жандар үшін өз дүниетанымын кеңейтуге үлкен ықпал етеді.

Фестиваль аясында көрсетілетін фильмдер орыс тіліндегі субтитрлармен жапон тіліндегі түпнұсқада беріледі. 

Фестиваль бағдарламасы:

24 ақпан – Фестивальдің ашылуы

19.00 - «Тора-сан солтүстікке жол тартты» (комедия)

25 ақпан

13.00 – «Уақытты бағындырған қыз» (аниме)

15.00 – «Қуыршақтар» (драма)

26 ақпан

13.00 – «Екеуге арналған квартет» (музыкалық трагикомедия)

15.00 – «Токия сонатасы» (драма)

Билет құны – 200 теңге

Мекен-жайы: «Цезарь» кинотеатры, Фурманов көшесі, 50

Байланыс телефоны: 273-63-93

Суреттер timeout.kz, art.gazeta.kz ғаламтор беттерінен алынған

Форумда талқылау

Ғ. Ұзақ