Том Круз "Алтын пальма бұтағымен" марапатталды

Том Круз "Алтын пальма бұтағымен" марапатталды

Том Круз кинематографияға сіңірген еңбегі үшін "Алтын пальма бұтағымен" марапатталды.

Бұл туралы Variety өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Сыйлық Top Gun: Maverick («Top Gun: Maverick») фильмінің көрсетілімі басталмай тұрып тапсырылғаны анық. Актер түскен бұл жаңа фильм 1986 жылы шыққан түпнұсқа фильмдегі оқиғалардан 36 жылдан кейін қайталануын көрсетеді.

Айта кетейік, мұндай Құрмет марапатына 2019 жылы француз актері Ален Делон, 2021 жылы америкалық актриса Джоди Фостер мен италиялық режиссер Марко Беллоккио лайық деп танылды.

А. Оралқызы