"Құлагер" сыйлығының иегерлері анықталды

"Құлагер" сыйлығының иегерлері анықталды

Салтанатты жиын 24 желтоқсан күні Алматы қаласында кино үйінде өтті. 

Қазақстан киногерлер Кеңесінің  «Құлагер-2012» ұлттық кинопремиясы лауреаттары:

1. Жылдың үздік кинофильмі  — «Шал». Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы. Режиссер — Ермек Тұрсынов. Продюсер — Александр Вовнянко.

2. Жылдың ұлттық-патриоттық кинофильмі — «Жаужүрек Мың бала». Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы. Кинокартина жетекшісі -  Ермек Аманшаев. Режиссер - Ақан Сатаев.

3. Жылдың үздік балалар кинофильмі — «Аңшы бала». Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы. Режиссерлері - Ерлан Нұрмұхамбетов, Бегарыс Елубаев.
4.  Продюсер Лимара Жексембаева «Студент» (режиссер — Дәрежан Өмірбаев) көркем фильмі үшін. "Қадам" киностудиясы.
5. Жылдың ең үздік ер адам рөлі  —  «Шал» кинофильмінің басты рөлін сомдаған Ерболат Тоғызақов
6. "Жыл жаңалығы" — актер Асылхан Төлепов «Жаужүрек Мың бала»

«Экран Шебері» арнайы марапатының иегерлері:

1. Режиссер Қанымбек Қасымбеков — «Шок и Шер» кинофильмі үшін (1972 жыл)

2. Режиссер Ермек Шынарбаев —  «Красавица в трауре» кинофильмі үшін (1982 жыл).

3. Режиссер Асылбек Нұғманов — Қазақстандағы деректі фильмдер мен кинопублицистиканы дамытудағы еңбегі үшін

4. Режиссер Анатолий Лаптев — Адам мен табиғат арасындағы байланыс және сұлулық пен әлем үйлесімін көрсеткен деректі фильмдері үшін

«Экран Шебері-2012 — үлесі үшін» марапаты Қазақстан киногерлер Кеңесінің мына мүшелеріне берілді: 

1. Жайдарбек Күнгіжүнов — каскадер

2. Галина Леонова

3. Ольга Хлащева

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: notforpress.ru, bnews.kz, meloman.kz, info-tses.kz

А. Әбілхан