«Қағаз үй» сериалының корейлік нұсқасы шықпақ

«Қағаз үй» сериалының корейлік нұсқасы шықпақ
Фото: yesasia.ru

Netflix-тің испаниялық «La Casa De Papel» (Бумажный дом) сериалының оңтүстік корейлік адаптациясы осы жылы шығуы керек. Жақында желіде «Ақша ұрлау: Корея — біріккен экономикалық аймақ» атты шоудың алғашқы тизері жарияланды.

Алғашқы тизерден Профессордың (Ю Чжи Тхэ) қабырғада ілініп тұрған маскалардың бірін таңдайын деп тұрғанын көруге болады. Ол жерде дәстүрлі корей маскаларымен қатар Сальвадор Далидің де маскасы бар. Дағдарыстық келіссөздер тобының жетекшісі — Сон Уджин рөлін Ким Юн Джин ойнайды. Тизерде көрермендерді тонаушылармен де таныстырады: Берлин («Кальмар ойынындағы» Пак Хэ Су), Токио (Чон Чжон Со), Мәскеу (Ли Вон Чжон), Денвер (Ким Джи Хун), Найроби (Чан Юн Чжу), Рио (Ли Хён У), Хельсинки (Ким Чжи Хун) және Осло (Ли Кю Хо).

А. Жапатова