Фильм қалыптастырған қару туралы жалған түсініктер

Фильм қалыптастырған қару туралы жалған түсініктер
Фото: gq.ru

Кейде фильм көріп отырып, шындыққа жанаспайтын және ақылға сыймайтын сахналарды көріп, бір күліп аламыз. Мысалы, бас кейіпкер револьвер қаруы арқылы "сансыз" оқ атады. Ондай сәттерді режиссер бас кейіпкерді көрермен көзіне әлдеқайда күштірек етіп көрсету үшін қолданады. Бүгін фильмдер арқылы қалыптасқан қарулар жайлы жалған түсініктермен таныс боламыз.

1. Бәсеңдеткіш атыс дыбысын азайтады.
Джеймс Бонд туралы барлық фильмде

Голливуд фильмдеріне сенсек, қылмысты жасыру үшін қару ауызына киілетін кішкентай ғана бәсеңдеткіш болса болғаны: көрші бөлмедегі атыс-шабыс мүлде естілмейді. Шынына келгенде ең сапалы бәсеңдеткіштің өзі атыс дыбысын толықтай жоюға қауқарсыз. Жабық бөлмеде қару қолданған жағдайда бәсеңдеткішпен бірге,  қорғаныш құлаққабын киюге тура келеді. 

Нақтырақ айтатын болсақ, әдетте атыс дыбыс өлшемі 140-160 децибелді құрайды. Мұндай қатты дыбыс құлақ жарғағын зақымдауы мүмкін. Бәсеңдеткішпен 120-130 децибел болады: бұл әлдеқайда тыныш, құлаққа да айтарлықтай зияны жоқ.

Оның үстіне, бәсеңдеткештерден кейін күйе ізі қалады, оның салмағы ауыр және қару тепе-теңдігін бұзады. Бір жағынан олар жалын туындауынан сақтап, атысқа дәлдік береді. 

2. Пулемет оғы ешқашан таусылмайды.
"Мумия", "Макс Пейн", "Коммандо" фильмдерінде

Фильмдегі қару оқтары шынайы өмірмен салыстырғанда әлдеқайда сирек таусылатыны бәріне аян. Тапаншаға келетін болса, алты оқты қару он шақты рет атуы мүмкін. Ал фильм кейіпкері қолына пулемет алған сәттен бастап, ол өлім "құдайына" айналып шыға келеді. Кинодағы оқ саны мен өмірдегі оқ санының айырмашылығы жүзге дейін жетуі мүмкін. Пулеметтер шынымен солай жұмыс істей ме деген сұрақ туындайды. 

Пулеметтің М4 түріне 30 оқ сияды. Ол 4 секундта атылады. AK-47 де 4 секундтық "шаттық" сыйлайды. Автоматты пулемет қалай жұмыс істейді? Ол өте жылдам атады: бір минутта 700 атыс жасауға қауқары жетеді. Тек әскери адамда 700 оқ болмайды, оларға ең көп дегенде 210 оқ беріледі. Оның бәрін бір минутта-ақ құртып тастауға болады. Осылайша, оғы таусылмайтын пулемет түсінігі де ақылға сыймайтынын аңғаруға болады.

3. Оқ өткізбейтін кеудеше адамды өлімнен сақтайды.

Заманауи өк өткізбейтін кеудеше көптеген қару оғынан сақтай алады. Дегенмен ол үшін қашықтық кем дегенде 14 метр болуы тиіс. Фильмдердегідей пулемет оғынан кеудеше қорғай алмайды. Оның үстіне әдетте кеудеше ауыр болады. Орташа салмағы 15 килограмм, кейде одан да ауыр болуы мүмкін. Оны көбіне қарулы қылмыскерлермен жұмыс істейтін заң қызметкерлері пайдаланады. Соғыс уақытында олардың қорғаныш күші әлсіз.

Т. Есқали