Қаңтарда шығатын 7 фильм

Қаңтарда шығатын 7 фильм
Фото: daily.afisha.ru

Жаңа фильмдерден Брэдли Куперді көріпкел, ал Джаред Летоны вампир рөлінде көре аламыз. Қаңтар айының кинопрокатынан басқа қандай қызықтар күтеміз?

«El buen patrón» («Жақсы бастық»), 6 қаңтар
Хавьер Бардем зауыт иесінің рөлін ойнайды. Ол қалай да бизнестегі табысы үшін берілетін жүлдені ұтып алуды ойлайды. Алайда, бірінен соң бірі күтпеген проблемалар шыға бастайды. Комедия режиссері — Фернандо Леона Де Араноа .

«Flag Day» («Жалған ақша жасаушы»), 13 қаңтар
Бұл режиссер Шон Пеннің жаңа фильмі. Қызының амандығы үшін қамқор әке Джон Фогель банктерге ұрлыққа түсе бастайды. Бірақ Америка тарихындағы ірі алаяққа және екінші ең үлкен жалған ақша жасаушыға айналып, сүйікті қызы Дженнің өміріне қауіп төндіреді.

«The King's Man» («King's Man: Бастау»), 13 қаңтар
Мэттью Вонның тыңшылық франшизасының үшінші бөлімі — алғашқы екі бөлімнің приквелі. Басты рөлдерді — Kingsman құпия ұйымының негізін қалаушыны және оның баласын Рэйф Файнс пен Харрис Дикинсон ойнайды.

«The 355» («Код 355»), 20 қаңтар
Бұл тәжірибесі мол сценарист («Шерлок Холмс», «Мистер және миссис Смит») және бастаушы режиссер Саймон Кинбергтің тыңшылық боевигі. Джессика Честейн, Лупита Нионго, Диана Крюгер, Пенелопа Крус және Фань Бинбин таңдаулы агенттердің рөлдерін сомдайды.

«Nightmare Alley» («Қорқынышты аллея»), 20 қаңтар
Уильям Линз Грэшемнің романы негізінде түсірілген режиссер Гильермо дель Тороның нуар жанрындағы фильмі. Бұл фильмде Брэдли Купер ашкөз алаяқтың рөлін ойнайды. Сондай-ақ басқа рөлдерде Кейт Бланшетт, Уиллем Дефо, Тони Коллетт және Ричард Дженкинсті көруге болады.

«Tout s'est bien passé» («Бәрі жақсы өтті»), 20 қаңтар
Режиссер Франсуа Озонның бұл фильмінің премьерасы 2021 жылдың шілде айында Канн фестивалінде өтті. Бұл картинада басты рөлдерді Софи Марсо, Ханна Шигулла және Шарлотта Рэмплинг сомдады. Сюжет бойынша, апалы-сіңілілер қартайған әкесінің қатты ауыратындығын және өз-өзін өлтіргісі келетінін біледі.

«Morbius» («Морбиус»), 27 қаңтар
«Морбиус» — 2022 жылдың алғашқы хиті. Бұл басты рөлді Джаред Лето ойнайтын режиссер Даниэль Эспиностың фильмі. «Морбиус» Sony ұсынған Өрмекші адам әлемінің үшінші картинасы болмақ. Сюжет өзін сирек кездесетін қан ауруынан емдеу барысында вампирге айналған кейіпкердің айналасында өрбиді.

А. Жапатова