"Кальмар ойыны": Неге 456 қатысушы болған?

"Кальмар ойыны": Неге 456 қатысушы болған?

"Кальмар ойыны" сериалының бас кейіпкерлерін сомдаған актерлер Ли Джон Дже мен Чон Хо Янг және сериал режиссері Хван Донг Хюк Vanity Fair басылымына сұхбат берді. Сұхбат барысында сериалға қатысты біраз мәліметтер нақтыланды.

Атап айтқанда, режиссер Хван Донг Хюк одан көптің неліктен сериалдағы актер санының дәл 456 болып таңдалғанын және бұл нені білдіретінін сұрайтынын айтты. Оның айтуынша, бастапқыда сериалға кастингтен мыңнан астам адам өткен, бірақ бұл көп болған.

Сериалдағы қауіпті ойынға қатысушылардың жалпы саны 456, ал, жалпы жүлде қоры 45,6 миллиард вонды, яғни ойыннан шыққан әрбір қатысушыға 100 миллион вонды құрайды.

"Оңтүстік Кореядағы ең үлкен лотерея ұтысы 40 миллиард вон болды. Соған қарап ақшалай жүлдені де анықтадық, сосын ойынға қатысушылардың санын есептедік. 456-ны таңдауымыздың себебі – бұл көрермендер есте сақтау оңай сан", - деді Хок.

Режиссер кейде сериал жанкүйерлері сериал туралы соншалықты оғаш әрі ерекше жорамалдар жасайтыны сонша  кейде өзі де бұған сеніп қала жаздайтынын айтады.

Айта кетейік, қыркүйек айында Netflix стриминг қызметінде көрсетілген сериал өз тарихындағы ең ауқымды жоба болды. Сериал танымалдылығының арқасында компания 900 миллион доллардан астам табыс тапты.

Netflix төрағасы және контент бойынша бас маманы Тед Сарандос Калифорниядағы технологиялық конференцияда "Кальмар ойынының"  қаншалықты осындай танымалдыққа жеткеніне таң қалғанын айтты.

"Біз оны әлемдік деңгейде осындай дәрежеге жетеді деп күтпедік", - деді ол.

Фильмнің танымал болғаны соншалық, Оңтүстік Кореяның SK Broadband интернет-провайдері Netflix-ті желілік трафиктің ұлғаюына және көрермендердің күрт өсуіне байланысты шығындарды төлеу үшін сотқа берді.

Сонымен қатар, Netflix ағымды платформасы Оңтүстік Кореяда шығарылған контентке биыл 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсайтынын айтты.

"Кальмар ойыны" режиссері Хван Дун Хюк The Times басылымына берген сұхбатында егер екінші маусым түсірілсе, негізгі оқиға антагонист Frontman – алтын маска киген адамның айналасында өрбуі мүмкін екенін айтты. Бірінші маусымның сюжеті бойынша ол зорлық-зомбылық ойындарын ұйымдастырады және қатысушыларды бақылайды.

А. Оралқызы