XXI ғасырдың ең үздік кино сценарийлері анықталды

XXI ғасырдың ең үздік кино сценарийлері анықталды

АҚШ Сценаристер Гильдиясы XXI ғасырдың ең үздік кино мәтіндерінің рейтингін жасады. Тізімге барлығы 101 картина енген.

Рейтингті Джордан Пилдің "Аулақ" фильмі бастады. Екінші орынды Джим Керри мен Кейт Уинслеттің қатысуымен түсірілген "Таза сананың мәңгі шуақ шашуы" драмасы иеленді. Үшінші саты Дэвид Финчердің Марк Цукерберг туралы "Әлеуметтік желі" таспасына бұйырды.

ХХІ ғасырдың үздік 10 сценарийі төмендегідей:

1. "Аулақ" ("Прочь")

2. "Таза сананың мәңгі шуақ шашуы" ("Вечное сияние чистого разума")

3. "Әлеуметтік желі" ("Социальная сеть")

4. "Паразиттер" ("Паразиты")

5. "Мұнда қарттарға орын жоқ" ("Старикам тут не место")

6. "Ай сәулесі" ("Лунный свет")

7. "Мұнай" ("Нефть")

8. "Сорлы бейбақтар" ("Бесславные ублюдки")

9. "Әйгілі дерлік" ("Почти знаменит")

10. "Есте сақта" ("Помни")

Толық тізімді мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

 

А. Оралқызы