"Хогвартсқа оралу" картинасының алғашқы кадры жарияланды

"Хогвартсқа оралу" картинасының алғашқы кадры жарияланды

HBO Max стримингтік сервисі сиқыршылық мектебі мен жас сиқыршы Гарри Поттер туралы алғашқы фильмнің шыққанына 20 жыл толуына орай жаңа картина түсіріліміне кіріскен еді. Компанияның instagram аккаунтында "Хогвартсқа оралу" атты сол арнайы фильмнің түсірілімінен алғашқы кадр жарияланды.

Суретте аңызға айналған туындының "алтын триосы", яғни, Дэниел Рэдклифф (Гарри Поттер), Эмма Уотсон (Гермиона Грейджер) және Руперт Гринт (Рон Уизли) бейнеленген. "Олар ешқайда кетпегендей", - делінген фотоның астындағы жазуда.

Дэниел Рэдклифф, Эмма Уотсон және Руперт Гринт

Сондай-ақ, арнайы эпизодта Том Фелтон (Драко Малфой), Ральф Файнс (Волдеморт), Хелена Бонэм-Картер (Беллатрикс Лестрэнж) және тағы басқаларды көру мүмкіндігі болатыны туралы айтылған.

Еске салайық, бұған дейін HBO актерлері Хогвартстан жасырын шақыру алған эпизодтың тизерін шығарған болатын.

А. Оралқызы