Netflix үздік актерлік құрамы бар фильмнің трейлерін ұсынды

Netflix үздік актерлік құрамы бар фильмнің трейлерін ұсынды
Фото: kinonews.ru

Netflix стримингі осы жылдың ең күтілетін "Жоғары қарамаңыз" комедиясының трейлерін ұсынды. Бұл фильмді көпшіліктің тағатсыздана күтуіне оның актерлік құрамы себепші болды.

"Жоғары қарамаңыз" (Don’t Look Up) фильміне Леонардо Ди Каприо, Мерил Стрип, Дженнифер Лоуренс, Джона Хил, Тимати Шаломе және Роб Морган түседі. Картина авторы — Адам Маккей: ол "Ойын нәтижесі" ("Игра на понижение") фильмі үшін "Оскар" сыйлығын алған комедия мастері.

Кинолента сюжеті бойынша метеориттің құлауы мүмкін болғандықтан әлемге апат қаупі төніп тұр. Алайда көпшілік бұл тұжырымды күлкіге айналдырып, сенбейді. Бұл жоба Мерил Стрип пен Леонардо Ди Каприо секілді драмалық актерлер үшін ерекше рөл болатыны анық.

Фильмді 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап көре аласыздар.

А. Жапатова