Ересектерге арналған анимелер #1

Ересектерге арналған анимелер #1
Фото: zen.yandex.ru

Көпшілік арасында аниме немесе мультфильмдер тек балаларға арналған деген ой қалыптасқаны жасырын емес. Дегенмен олардың арасында ой салатыны жеткілікті. Сіздердің назарларыңызға ересектерге арналған 10 аниме ұсынамыз.

"Патэма керісінше" / "Патэма Наоборот" / "Patema Inverted" 

Бұл аниме екі халық арасындағы қақтығыс негізінде түсірілген. Біріншісі жер тұрғындары болса, екіншісі – аспанды мекендейтіндер. Тартылыс заңының бұзылуы үлкен апатқа алып келеді. Жер тұрғындары аспанға ұшып кетпеуі үшін жер астына тығылуға мәжбүр болады. Жылдар өтеді. Ал екі әлем тұрғындарының қарым-қатынасы нашарлай түспесе, жақсармайды. Фильмде өзекті қоғамдық және экологиялық мәселелер көтеріледі.

"Мінсіз мұң" / "Идеальная грусть" / "Perfect Blue"

"Мінсіз мұң" фильмінің режиссері — Сатоши Кон. Ол өзекті тақырыптарды емес, күшті эмоциялар мен мінсіз сюжет құрылымын басты назарда ұстайды. Фильм психологиялық жанрда түсірілген. Фильмнің эмоциялық динамикасы әрдайым өзгеріп отырады. Фильмдегі бас кейіпкер j-pop тобында ән шырқайтын бойжеткен енді актриса ретінде бағын сынамақ. Бірақ оны өткен өмірі оңайлықпен жібере қоймайды. 

"Паранойя агенті"  / "Агент Паранойи"/ "Paranoia Agent" 

Жоғарыда атап көрсетілген Сатоши Конның кезекті психологиялық анимесі. Әдетте бұл жанр мұңды, ауыр әрі кей жері іш пыстыруы мүмкін. Дегенмен режиссер мен фильм сценарий жазушылары анимені іш пыстырудан сақтап қалады. Өзекті мәселелерді көтеріп, оны көңілді әрі әзілмен жеткізуге тырысады. Мәселелердің өмірден алынғанын түсінген кезде бұл әлдеқайда қорқынышты бола түседі.

"Классикалық әдебиет" / "Классические истории" / "Blue Literature"

Аниме жапонияның классикалық әдебиетіне арналған. Сериалда алты оқиға баяндалады. Әрқайсысы ерекше сценарийден, суреттеуден және орындау шеберлігінен тұрады. Аниме көргеннен кейін кітап оқуды осылай танымал ету керек деген ойға келесіз. Өйткені, анимеден кейін міндетті түрде шығармалардың бірін оқып көргіңіз келеді.  

"Ғасырдан ғасырға: Ракуго дәнекері" / "Shouwa Genroku Rakugo Shinjuu"  / "Сквозь эпохи: Узы ракуго"

Ракуго театр өнеріне арналған өмірлік мәні бар сериал. Ракуго сериалдың тақырыбы ғана емес, ол кейіпкерлердің өмірі мен дамуына себеп болады. Жас актер Токиодағы талантты әрі даңқты актерге білім алуға аттанады. Дегенмен оның өткені оның келешегіне кедергі келтіреді.

(Жалғасы бар)

Т. Есқали