Қазан айында қандай фильмдер жарыққа шығады?

Қазан айында қандай фильмдер жарыққа шығады?
Фото: stb.ua

Оқырмандарымызға қазан айында шығатын ТОП-5 фильмдер мен мультфильмдер тізімін ұсынамыз. Олардың арасында драма, триллер және комедия да бар. Жақын арада кинотеатрға бару жоспарыңызда болса, біз ұсынған тізімге көз жүгіртіңіз.

"Не время умирать" (12+) 
Жанры — боевик, триллер.
7 қазан

Джеймс Бонд өз қызметінен кетіп, Ямайкада тыныш өмір сүреді. Бұл аралға оның әріптес досы Феликс Лейтер көмек сұрап келгеннен кейін бәрі өзгереді. Ұрланған ғалымды құтқару миссиясы агент Джеймс ойлағаннан да қауіпті болып шығады.

"Семейка Аддамс: Горящий тур" (12+) 
Жанры — ужас, фантастика, комедия.
14 қазан

Аддамс отбасында бәрі керісінше жүреді: балалар ойын алаңында емес молалар арасында ойнаса, ересектер дәрінің орнына у ішеді. Оның үстіне бұл отбасыда мінездері ауыр екі жасөспірім өсіп келеді. Сондықтан Аддамс отбасысы демалысқа кетуді жоспарлайды. Олар демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан өткереді?

"Исчезнувший" (16+) 
Жанры  — триллер, драма, криминал, детектив. 
14 қазан

Эдмонд кезекті іссапарда жүргенде балалар лагерінде жүрген 7-жасар баласының жоғалып кеткенін естиді. Әкесі детективке күмәнмен қарап, баласын іздеуді өз қолына алады.

"Кошачьи миры Луиса Уэйна" (16+) 
Жанры — биография, тарихи, драма. 
21 қазан

Бұл — шынайы оқиға желісінде түсірілген ең ерекше суретші жайлы фильм. Әйелі Эмилидің сүйіспеншілігі арқасында Луис адамдардың мысықтарға деген көзқарасын өзгертеді. Бірақ әр картина сайын Луистің қиялындағы әлемі оның шынайы өмірін ауыстыра бастайды.

"Неисправимый Рон" (6+) 
Жанры  —  фантастика, комедия.
21 қазан

Кез келген баланың досы болуы керек. Оған робот та дос бола алады: мұндай робот қозғалады, сөйлейді және ең бастысы, интернетке қосыла алады. Ол өз иесіне әлеуметтік желілерге жазба салуға көмектеседі, соңғы тенденциялар жайлы айтып отырады және иесін сыныптастарымен байланыста ұстайды. Барни де туған күніне көптен күткен роботын сыйлыққа алады. Алайда оның Рон есімді роботының ақауы бар болып шығады. Сондықтан ол роботына барлығын өзі үйретуді шешеді.

А. Жапатова