«Кальмар ойынында» көрсетілген телефон нөмірінің шын иесі табылды

«Кальмар ойынында» көрсетілген телефон нөмірінің шын иесі табылды
Фото: Netflix

Netflix платформасы «Кальмар ойыны»  сериалында телефон нөмірі көрсетілген кадрларды кесіп тастайтын болды. Ол нөмір Ким Гил Ен есімді Оңтүстік Корея тұрғынына тиесілі болып шықты. Сериал шыққаннан кейін әйелге күніне жүздеген қоңыраулар мен хабарламалар түседі екен.

Ким журналистерге бұл нөмірді 16 жылдан астам уақыт бойы ұстап жүргенін айтқан. Кондитерлік цех арқылы нәпақасын тауып жүрген адамға күніне сан мәрте соғылатын қоңыраулар айтарлықтай кедергі жасайды. Ол қоңырауға жауап берерде сымның арғы жағындағы адамның не пранкер, не клиент екенін біле алмай дал болады. Жұмысы жүрмей жатқан себепті ол күйзеліске түсіп, дәрі қабылдай бастаған.

Ким Netflix өкілдері жаңа нөмір сатып алу үшін оған оңтүстік кореялық миллион вон (840 доллар) өтемақы ұсынып хабарласқанын да мәлімдеді. Алайда, ол нөмірді өзгерте алмайды, өйткені сериалда көрсетілген нөмір арқылы барлық бизнес жобаларын жүзеге асырып келеді. Ал аталған сериалдың көрермендері платформа тым аз өтемақы ұсынып отыр деп санайды.

CNN басылымы Netflix өкілімен сөйлескен болып шықты. Ол сериалдан нақты телефон нөмірі бар көріністер жойылатынын растаған және өтемақы туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартыпты.

А. Оралқызы