Леонардо Ди Каприо "Касабланкадағы" пианиноны сатып алды

Леонардо Ди Каприо "Касабланкадағы" пианиноны сатып алды

Голливудтық актер Леонардо Ди Каприо 1942 жылдың ең әйгілі киносы саналатын "Касабланкадағы" пианиноны сатып алыпты. Осы турасында Contactmusic хабар таратып отыр.

Музыкалық аспап 14 желтоқсан күні Нью-Йоркте өткен "Sotheby's" бәссауда көрмесінде 600 мың долларға сатылды. Естеріңізде болса, дәл осы пианиномен актер және әнші Дули Уилсон (Dooley Wilson) "Касабланка" киносында өзінің атақты "As Time Goes By" әнін орындаған болатын. 

Музыкалық аспапты сатып алу үшін  Ди Каприо қаржы жағын миллиардер Стюарт Раромен (Stewart Rahr) бірлесе отырып шешкен. Бүгінгі таңда жаңа қожайындар аспапты Лос-Анджелестегі Өнер мұражайына ((Los Angeles County Museum of Art) табыстамақ.

Қоса кетсек,  "Касабланка" киносы үш бірдей "Оскар" сыйлығынан лайықталған Голливудтың тарихындағы ең атақты фильмдердің қатарына жатады. Сол кездің атышулы туындысында басты рөлдерде Хамфри Богарт пен Ингрид Бергмандар ойнаған-тұғын.

сурет:filmpro.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига