Лос-Анджелесте кино тарихына арналған үлкен мұражай ашылады

Лос-Анджелесте кино тарихына арналған үлкен мұражай ашылады

30 қыркүйекте Лос-Анджелесте киноиндустрияның тарихы мен аталған өнер бағытының мәдени әсеріне арналған Америка кино өнері мен ғылым академиясының мұражайы ашылады. Бұл Құрама Штаттардағы осы бағыттағы ең ірі мекеме болады.

Мұражай галереяларының бірі «Оскар» марапаттау рәсіміне арналды. MeeToo қозғалыстары мен Black Lives Matter сияқты кинодағы әлеуметтік тақырыптар да тұрақты көрменің бір бөлігі болады.

Мұражай ғимаратының құрылысын Pritzker сыйлығының лауреаты Ренцо Пиано мен оның командасы Renzo Piano Building шеберханасында жүргізді. Олар Saban Building әмбебап дүкенін жөндеуден өткізген. Мұражай кешені 4650 шаршы метрді құрайды. Ғимарат көрме алаңы, екі кино және концерт залы (1000 және 288 орындық), ашық алаң, шатырлы террассалар, оқу студиясы, мейрамхана мен дүкеннен тұрады.

А. Оралқызы