QaraFest: Фестивальде көрсетілетін фильмдер #1

QaraFest: Фестивальде көрсетілетін фильмдер #1

23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында (Достық даңғылы, 104) QaraFest фестивалінің фильмдері көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.

QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды бар. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі. 

"Бағбан" (Taming The Garden)

Режиссері: Саломе Джаши
Елі: Грузия, Швейцария, Германия
Тілі: грузин тілі
Жылы: 2021
86'

Бірінші көрсетілім: 23.09 сағ. 19:30  

Екінші көрсетілім: жексенбі, 26.09 сағат 16:30 (ескерту: Ashyq қосымшасының “жасыл” статусымен ғана кіре аласыз)

Фильмде Грузия жағалауларынан осы елдің бұрынғы премьер-министрінің жеке бақшасына «көшіп» бара жатқан ірі, әдемі ағаштар туралы баяндалады әрі экс басшының жеке бағын безендіру үшін орасан күш пен ресурс кететіні көрсетіледі. 100 жылдық тарихын артқа тастап Қара теңізді кесіп өтіп бара жатқан ағаштардың оқиғасы ойландырмай қоймайтыны анық. 

Фильм премьерасы 2021 жылы Sundance Film Festival халықаралық кинофестивалінде көрсетілді. 

"Құпия агент" (The Mole Agent)
Режиссері: Майте Алберди
Елі: Чиле, Нидерланды, Испания, Германия, АҚШ
Тілі: испан тілі
Жылы: 2020
84'
Бірінші көрсетілім: 23.09 сағ. 21:15
Екінші көрсетілім: 28.09 сағ. 20:30

Чилилік тыңшы 8З жастағы Серхионы қарттар үйіне шпион болуы үшін жұмысқа алады, өйткені қарттар үйіндегі анасына ондағы қызметкерлер зорлық-зомбылық көрсетеді деген күмәні бар. Таза, әділ әрі әзіл-шыны аралас, шытырманға толы бұл фильм өмірдің ғажайыптарын тану ешуақытта кеш емес екенін түсіндіргісі келетіндей.

Бұл картина «Оскар-2021» премиясының «Үздік деректі фильм» категориясына ұсынылған.

"Мен мінген пойыз" (This Train I Ride)
Режиссёрі: Арно Битши
Елі: Франция, Финляндия
Тілі: ағылшын тілі
Жылы: 2019
77'
Бірінші көрсетілім: 27.09 сағ.  18:30
Екінші көрсетілім: 28.09 сағ. 17:30
Айви, Карен мен Кристина үшеуі бір күні бәрін тастап, еркіндікті сезініп әрі өздерін сынап көрмек ниетте сапарға аттанады. Жүк пойызымен АҚШ шекарасын кесіп өтеді. Фильм режиссері әр кейіпкерге сапарлас болады. Теміржол үстінде сапарлас әйелдердің ішкі мәселелері өзара үйлесетіндей көрінеді: өмір сүруге ұмтылыс, рухани ізденіс және қоғамдық шектеулерге деген қарсылық.

"Әулие әке" (Holy Father)
Режиссёрі: Андрей Даскалеску
Елі: Румыния
Тілі: румын, ағылшын, итальян тілдері
Жылы: 2020
85'
Көрсетілім күні: 24.09 сағ. 19:45
Андрей есімді режиссер мен оның құрбысы Паула екеуі алғаш рет ата-ана атанбақ. Андрейдің өзі әкесіз өседі. Әке болудың қыр-сырын түсіну үшін ес білгелі көрмеген әкесін іздеп-тауып, онымен татуласуға бел буады. Бүгінде Афонда монах боп жүрген әкесінен отбасын тастап кетуінің себебін сұрап-білуге, түсінуге тырысады. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас қалай өрбімек?

"Жақындасу" (Mating)
Режиссері: Лина Маннеймер 
Елі: Швеция
Тілі: швед, ағылшын
Жылы: 2019
93'
Бірінші көрсетілім: 24.09 сағ.  21:25
Екінші көрсетілім: 25.09 сағ.  17:30
(ескерту: Ashyq қосымшасының “жасыл” статусымен ғана кіре аласыз)

Режиссер танысуға арналған қосымша арқылы жаңа фильмге кейіпкер іздейтінін хабарлайды. Стокгольмда тұратын екі жас өздерінің онлайн қарым-қатынасы кезіндегі қызықтарымен бөлісуге келіседі. Наоми өзінің түсірілімге арналған веб-камерасын қоса алмағандықтан, Эдвин оған көмекке келеді және бұл жаңа қарым-қатынастың бастамасы болады. «Жақындасу» – цифрлық технология дәуіріндегі заманауи қарым-қатынасты зерттеу туралы фильм.