Заманауи кино саласына көзқарасты өзгертетін 5 фильм

Заманауи кино саласына көзқарасты өзгертетін 5 фильм
Фото: film.ru

Кейде заманауи кино саласының сапасы құлдырап кеткендей көрінеді, фильм көп, бірақ арасынан ұнайтынын табу қиын. Бүгін назарға сюжеті қызықты, сапалы түсірілген және ой салатын фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Жан / Душа / Soul
2020

Өзіңді іздеу және сол жолда өзгелерді жолдан адастырмау туралы анимациялық фильм. Бала кезінен джаз музыканты болуды армандаған мұғалім Джо Гарднер мақсатының орындалуына бір-ақ қадам қалғанда кездейсоқ қаза табады. Оның жаны өзге әлемге түседі. Ол жерде адамның армандары, таланты, қызығушылығы оянады. Джо өзінің өліміне сенбейді және оңайлықпен келіспейді. Бар ойы — өмірге қайта оралу. 

Паразиттер / Паразиты / Gisaengchung
2019

Оңтүстік Кореялық фильм кедей отбасында өскен ер жігіттің бай отбасына жұмысқа орналасуынан басталады. Артынан өз қарындасын да жұмысқа орналастырады. Кейін ата-анасына да жұмыс табады. Бірақ бұлардың ойы тек бұнымен аяқтала қоймайды. 

For Ferrari қарсы / Ford против Ferrari / Ford v Ferrari
2019

Фильм әлемдегі ең танымал автокөлік компаниялары Ford пен Ferrari арасындағы бәсеке туралы. 1966 жылы Ferrari өзінің жылдам әрі стильді автокөліктері арқылы танылған еді. Ford компаниясының конструкторы Кэрролл Шелби досы Кен Майлспен бірігіп, Ford GT40 спорттық моделін жасап шығуға тырысады. 

Батылдар ісі / Дело храбрых / Only the Brave
2017

Батыл адамдардың әлсіздігін көрсететін және шынайы оқиға негізінде түсірілген фильм. Аризона аймағына тиесілі өрт сөндіру қызметкерлері жаз бойына өртпен күресіп шығады. Бірақ бір күні найзағай кесіренен пайда болып, жылдам тараған өртпен бетпе-бет келеді. 20 өрт сөндіруші жалын астында қалады. 

Дарынды/ Gifted / Одаренная
2017

Вундеркиндтің тәрбиесі үлкен күшті талап етеді. Ата-ананың алдында үлкен міндет тұр: баланың потенциалын толықтай ашу немесе оны өзгелермен бірге тәрбиелеу. Әпкесінің қазасынан кейін Фрэнк өз жасына тым ақылды жиенін өз тәрбиесіне алады.  Бірақ баланың талантын жасыру мүмкін емес.  

Үздік ұсыныс / Лучшее предложение / La migliore offerta
2012

Атақты аукцион жүргізушісі Вергилий — ескі құнды заттарды табу және оларды жинау шебері. Бір күні ол бейтаныс әрі жұмбақ қыздан өз үйіндегі заттарды бағалауға ұсыныс алады. Бойжеткен адамдармен бетпе-бет кездесуден қорқады, далаға мүлдем шықпайды, ал үйі болса еске заттарға толы.

Т. Есқали