"Матрица 4" фильмінің алғашқы трейлері шықты

"Матрица 4" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Warner Bros. "Матрица. Оралу" (The Matrix Resurrections) фантастикалық фильмінің алғашқы трейлерін жариялады.

Трейлер Warner Bros. YouTube каналында жарияланды. Фильмнің режиссері – Лана Вачовски. Кинотуынды 2021 жылдың желтоқсанында жарыққа шығады.

Алдыңғы франшизадағы фильмдердегідей, "Матрица 4" сюжеті Жерге өз бақылаудын орнатқан "Матрица" компьютерлік жүйесінің басты кейіпкерлері арасындағы қарама-қайшылық болады. Кинорежиссерлер егжей -тегжейлі ештеңе айтпады, бірақ басты рөлді сомдаған Киану Ривз әйгілі франшиза туралы кейбір мәліметтермен бөлісті.

Түсірілім 2020 жылдың 4 ақпанында Сан-Францискода басталды. 

"Матрица" – ағайынды Вачовски (қазіргі апалы-сіңлілі Вачовски) түсірген америкалық фантастикалық экшн-фильм. Кинотуынды 1999 жылы 31 наурызда АҚШ-та жарық көрді және фильмдердің трилогиясының басталуын, сонымен қатар комикстердің, компьютерлік ойындардың және анименің негізін қалады.

Фильм болашақты бейнелейді. Адамдар көретін қалалар мен барлық нәрселер шын мәнінде ақылды машиналар жаратқан дүние. Олар адамдарды басқарады. Ал, адамдардың денесін машиналар жылу мен электр энергиясының көзі ретінде пайдаланады.

Кинофильм кейінгі экшн-фильмдерге де, жалпы әлемдік киноиндустрияға да қатты әсер етіп, "жаңа ғасырдың бірінші фильмі" болды. Матрицадан кейін фильмдерде баяу қозғалыс, айналатын камера, тіпті Bullet time эффектісі жиі қолданыла бастады.

Т. Раушанұлы