Үздік ғылыми-фантастикалық фильмдер

Үздік ғылыми-фантастикалық фильмдер

Ғылыми-фантастика жанры – жас жанрлардың бірі. Адам қиялының шегі жоқ екенін дәлелдейтін фильмдер ғылыми деректер негізінде түсіріледі. Әлі ашыла қоймаған, дәлелденбеген кей нәрселердің қалай жұмыс істейтінін режиссер көзімен көруге мүмкіндік аласыз. Бүгін ең қызық ғылыми-фантастикалық фильмдер топтамасын ұсынамыз.

"Матрица" / The Matrix (1999)
Режиссер: Лана Вачовски, Лилли Вачовски

Ғылыми фантастика жанрындағы өткен ғасырда жарыққа шыққан ең үздік фильм десек қаталеспейміз. Киану Ривздің сомдауындағы Томас Андерсон бір уақытта бірнеше өмір сүреді. Күндіз ол ірі компанияда программист қызметін атқаратын кеңсе қызметкері, ал кешкісін Нео есімді хакер. Оқиға Томасқа “Сен матрицаға еніп кеттің” деген электронды хабарлама келгенде басталады. Бас кейіпкер мына әлемнің жаңа қырымен танысады.

"Детонатор" / Primer (2004)
Режиссер: Шейн Каррут 

Ең алдымен сізді таңғалдыратын нәрсе "Режиссер", "Продюсер", "Сценарист", "Композитор" тізімінде бір есімнің жазылуы және Шейннің есімі актерлердің тізімінде де кездеседі. Шын өмірде Шейн Каррут – шағын қаражатқа ғылыми фантастикалық драма түсірген математик. Фильм жаңа құрылғы ойлап табуға тырысқан екі жас физик маман Аарон (Шейн Каррут) және Эйб (Дэвид Салливан) туралы. Олар гаражда түрлі электроқұрылғылар жинаумен айналысады. Бір күні олар (ойламаған жерден) уақыт машинасын жасап шығады. Бірақ уақытпен саяхаттаудың өз салдары бар. 

"Патруль времени" / Predestination (2014)
Режиссер: Майкл Спириг, Питер Спириг

Сіз уақытпен саяхаттау тек жеке қателіктерді ғана емес, әлемде  болған ірі қылмыстарды да өзгерте алатынын ойлап көрідіңіз бе? Ғылыми фантастикалық фильмнің бас кейіпкері уақыт агенті, оны Итан Хоук ойнайды. Ол уақыт арқылы саяхаттап жүріп, қылмыстың алдын алады. Бірақ әлі қолына түспей жүрген аты шулы қылмыскер бар. Агенттің алдында үлкен міндет тұр.

"Интерстеллар" / Interstellar (2014)
Режиссер: Кристофер Нолан

Сценарий жұмыстары физик, астроном және ықтималдық теориясы маманы Кип Торнның еңбектері бойынша жазылған. Адамзат пен жер құру алдында тұр. Шөл, құмды дауыл, кейбір өсімдіктің жойылуы үлкен мәселеге айналады. Кеңістік пен уақыт зерттеу үшін ғарышқа аттанатын еріктілер керек. Олардың арасында астронавт Купер де бар. Оны Мэттью Макконахи сомдайды. Олар бірнеше қиындыққа тап болады. Еғ алғашқысы уақыт, өйткені Миллер ғаламшарындағы бір сағат жердегі жеті жылға тең. 

"Марсианин" / The Martian (2015)
Режиссер: Ридли Скотт

Астронавтар Марсқа аттанады. Әбден ұшатын кезде ол дауыл астында қалады. Ғарышкерлердің бірі Марк Уотниді қаза тапқандар тізіміне қосып қояды. Бірақ Марк аман-есен еді. Ол есін жиған кезде бөтен ғаламшарда жалғыз қалғанын түсінеді. Енді ол өз жағдайын Жерге хабарлау амалдарын іздейді. Бас кейіпкерді Мэтт Деймон сомдайды.

Қызықты ақпараттар мен деректермен таныс болу үшін біздің инстграм парақшамызға жазыл!