Леди Ди туралы картинаның постері шықты

Леди Ди туралы картинаның постері шықты

Желіде ханшайым туралы драманың постері тарап жатыр. Жаңа драма "Спенсер" деп аталса, бас кейіпкерді "Ымырт" фильмінің жұлдызы Кристен Стюарт сомдайды.  

Фильмнің түсірілім жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Жаздың алғашқы айында аяқталды. Режиссері —  чилилік Пабло Пабло Ларраин, ал сценарийін Стивен Найт жазған. Оқиға 90-жылдардың басында өтеді. Сценарийі бойынша, Рождество қарсаңындағы Диананың үш күні сипатталады. Авторлар ханшайымның жары Чарльзбен, ұлдары Уильям және Гарримен қарым-қатынасын сипаттайды.

Түсірілім жұмыстары жаздың басында аяқталды. "Әдетте ертегілерде ханзада қарапайым қызға ғашық болып, оны әйелі етеді. Осылайша ол ханшайымға айналып шыға келеді. Бұл, әрине, ғажап. Бірақ, қарапайым қыз ханшайым болудан бас тартап, өз тамырына оралу туралы шешім қабылдаса, міне бұл шынымен таңқаларлық оқиға. Мен леди Дидің шешіміне тәнтімін. Дәл осы сәт жаңа фильмімнің жүрегі болады ", – дейді Ларраин.

Фильм премьерасы осы қыркүйекте өтетін Венеция кинофестивалінде болады.