Ағылшын тілінде 5 мини-сериал

Ағылшын тілінде 5 мини-сериал
Фото: film.ru

Ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін жаттығу керек. Сол үшін кей адамдар ағылшын тілі ана тілі саналатын елдерге барып, бірнеше ай жергілікті тұрғындар арасында өмір сүріп, жұмыс істеп, саяхаттау арқылы тәжірибе алмасады. Ал енді бірі ағылшын тілінде сериалдар мен фильмдер қарайды. Бүгін назарыңызға ағылшын тілін үйренуге көмектесетін 5 мини-сериал тізімін ұсынамыз. 

Фильмдер мен сериалдарды ағылшын тілінде қарау не үшін маңызды?
• Тіл иесінің сөйлеу мәнеріне үйрене бастайсың.
• Әңгіме айту ырғағы мен эмоцияларды көрсетуді меңгересің.
• Кітаптардан табыла бермейтін сөздермен қорыңызды көбейтесіз.
• Сленгтер, идиомалар мен аударуға келмейтін тіркестерді үйренесің.  
• Грамматикалық құрылымды түсінесің.
• Есту арқылы оны өзіңнің сөйлеу мәнеріне келтіресің әрі дыбысталу дағдысын дамытасың.
• Тіл иесінің әзілдерін түсіне бастайсың.

Let`s get started!

The Lost Room / Жоғалған бөлме / Потерянная комната
Жылы: 2006
Режиссер: Крэйг Р. Бэксли, Майкл В. Уоткинс
Деңгей: Pre-Intermediate, Intermediate.

Елестетіп көріңізші, қонақ үй бөлмесіне кіресіз де, уақыт пен кеңістік арасында жоғалып кетесіз. Сізді тек біртүрлі заттар арқылы таба алады: адамды бір жерден екінші жерге ауыстыратын автобус билеті, уақытты баяулататын тарақ. Бас кейіпкер Джо өзінің қызы Аннаны табу үшін барын салады. 3 бөлімде түрлі акцентте сөйлейтін кейіпкерлер пайда болады. Соған қарамастын оларды түсінуге болады. 

11.22.63
Жылы: 2016
Режиссер: Джеймс Стронг
Деңгей: Intermediate.

Ағылшын тілінің мұғалімі Джейк Эппинг уақыт кеңістігімен саяхаттап, 1960 жылға тап болады. Оның басты міндеті — Кеннедидің өліміне жол бермеу. Бас кейіпкер бұл міндетін дұрыс атқара ала ма? Өйткені ол өзінің өткен өмірге қалай бауыр басып қалғанын байқамай қалады. Сериалдан кейін сөздік қорыңыз саясат, тарих, уақыт туралы бірнеше тіркестермен толығады. 

Band of Brothers / Қарулас бауырлар/
Жылы: 2001
Режиссер: Дэвид Фрэнкел
Деңгей: Intermediate.

Өмір мен өлім жауабы табылмайтын әрі мәңгі талқыланатын тақырып. Достық, өмірдің мәні 10 бөлім бойына сөз етіледі. Бұның бәрін түсіну үшін өмір жолдары қиын шақпен сәйкес келген қарапайым әскерлердің өзара диалогына көз жүгіртуге тура келеді. 


Black Mirror /Қара айна / Черное зеркало
Жылы: 2011
Режиссер: Оуэн Харрис, Карл Тиббеттс, Джеймс Хоуз
Деңгей: Intermediat,  Upper - Intermediate

Қазіргі әлем сізге ұнай ма? Технологияның жылдам дамуы сіз үшін қорқыныште емес пе? Адамдар арасындағы қарым-қатынас 10 және 50 жылда қалай өзгеруі мүмкін? Бұл мини - сериал тек тыңдау және сөйлеу дағдыларын жақсартып қана қоймай, жоғарыдағы сұрақтарға жауап береді.

A Young Doctor's Notebook /Жас дәрігердің жазбалары/Записки юного врача
Жылы:
2012
Режиссер: Алекс Хардкасл, Роберт МакКиллоп
Деңгей: Pre-Intermediate, Intermediate 

Жас дәрігер Владимир Бомгард Москвадағы медицина институтын аяқтап, тәжірибеден өту үшін ауылға келеді. Оны қиын әрі қызықты сәттер күтіп тұрған еді. Қызметі оның тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. 

Massaget.kz күніне кем дегенде бір сағат ағылшын тілінде видео, фильм не сериал қарауды ұсынады. Басында түсініксіз, қиын болғанымен, естен мынаны шығармаңыз:  practice makes perfect!

Т. Есқали